Оқулық Ә.Ә. Шортанбаев, С. В. Кожанова


С5-9  макромолекулалы  кешендер



Pdf көрінісі
бет100/459
Дата21.03.2022
өлшемі10,03 Mb.
#28504
түріОқулық
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   459
Байланысты:
immunologia Shortanbaev- казакша

С5-9  макромолекулалы  кешендер  түзіледі.  Оларды  мембрананы 
зақымдаушы  кешендер  немесе  лизистік  кешендер  деп  те  атайды.  С5-9 
лизистік  кешендері  жасуша  мембранасында  ошақтық  ультрақұрылымдық 
зақымдалуды шақыру салдарынан жасуша лизиске ұшырайды.  
Комплемент  жүйесінің  классикалық  жолмен  активтенуі  кезінде 
компоненттердің үрдіске қатысу тәртібі 10-шы суретте берілген. 


 
65 
 
 
 
10-шы сурет. Комплемент жүйесінің классикалық жолмен активтенуі 
 
С9  молекуласы  перфоринге  ұқсас  нәруыз.  Перфорин  сияқты  С9  да 
мембрана  фосфолипидтерімен  байланысқан  жағдайда  полимеризацияға 
ұшырайды,  нәтижесінде  цилиндрлік  кешендер  қалыптасады.  Цилиндрлер 
мембрананың  бүтіндігін  бұзатын  саңлаулардың  түзілуіне  алып  келеді.  Олар 
арқылы Н
+
, Na
++
 және Н
2
О кіруіне мүмкіншілік пайда болу салдарынан жасуша 
осмостық  лизиске  ұшырайды.  С5-9  кешені  сұйық  фазада  да  болуы  мүмкін, 
бірақ бұл жағдайда оның белсенділігі өте төмен. Бұл жағдай оның құрамында 
сарысулық S нәруызының болуымен түсіндіреді. Аталған нәруыз белсенді С5-9 
кешенінің  түзілуіне  кедергі  жасайды  деген  болжам  бар.  Төменгі  тығыздықты 
липопротеидтердің де осындай белсенділігі бар. Кейбір тежегіш субстанциялар 
(протектин,  гликоферин)  мембрана  құрамында  лизистік  кешендермен 
байланысады және жасуша лизисінің жүзеге асуына кедергі жасайды, мәселен, 
жасушаны аутолизден қорғайды.  
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   459




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет