11-ші сурет. Комплемент жүйесінің альтернативті жолмен активтенуі кезіндегі бактериялардың лизисі (B, D, P – пропердин жүйесінің нәруздары)
Сонымен, комплемент жүйесінің альтернативті жолмен активтенуі
классикалық жолға ұқсас. Бірақ альтернативті жолдың қуаттылығы, әрі өнімділігі классикалық жолға қарағанда біршама төмен. Комплемент жүйесінің альтернативті жолмен активтенуі ағзаға енген
микроорганизмдерден жедел қорғануды жүзеге асырады (антидене түзілу үрдісінен де бұрын). Сондықтан комплементтің альтернативті жолмен активтенуі - микробтардан арнайы емес қорғанудың ерекше маңызды механизмі. С3 компонентінің жетіспеушілігі және комплемент жүйесінің
альтернативті жолмен активтенуіндегі басқа да бұзылыстар кейбір
бактериалды жұқпаларға (пневмококкты, гонококкты) сезімталдықтың
жоғарылуына және аталған аурулардың ауыр ағымда өтуіне себепші
болады.
Протеолитикалық
ферменттердің
әсерінен,
мысалы,
тіндік
протеазалардың әсерінен С3 компонентінің спонтанды ыдырауы байқалуы
мүмкін. Нәтижесінде альтернативті жолмен активтену басталады және
зақымдалған тіндерде деструкция ошақтары пайда бола бастайды. Мұндай