Ол қалайша жүзеге асады?Нейтрофилдер мен макрофагтардың плазмалық
мембранасында иммуноглобулиндердің Ғс-фрагменттеріне және комплементтің С3
компоненті үшін рецепторлар кездеседі. Иммуноглобулин молекулаларының Ғс-
фрагменттері
нейтрофилдер
мен
макрофагтардың
Ғс-рецепторларымен
байланысады,
ал
Ғаb-фрагменттері
көмегімен
антигеннің
антигенді
детерминантасымен байланысады. Иммуноглобулин молекуласының энергетикалық
және конформациялық қайта құрылуы нәтижесінде, СН2 домені аймағында,
комплементтің С1 компонентін байланыстыратын және оны активтейтін белсенді
орталық түзіледі. Одан кейін комплемент жүйесінің келесі компоненттерінің
активтенуі жоғарыда баяндалған механизм бойынша жүреді. Активтену кезінде
түзілген С3b фрагменті макрофагтардың С3-рецепторларымен байланысады.
Сонымен, иммуноглобулин молекуласы антиген (бактериалды немесе дәл осы ағза
үшін бөгде жасуша) мен эффекторлы жасуша (макрофаг пен нейтрофил) арасындағы
көпірше қызметін атқарады. Мембраны зақымдайтын С5-9 кешені бактериалды
жасушаның мембранасын зақымдайды, ал макрофаг ыдырау нәтижесінде түзілген
өнімдерді жұтады.