Дендритті жасушалар айқын және тұрақты (индуцибелді емес)
түрде В7 костимуляторын экспрессиялайды. Сондай-ақ І және ІІ класс
МНС молекулалары мен адгезиндерді де үнемі экспрессиялайды.
Сондықтан ДЖ осы молекулалардың (олар Т-лимфоциттердің белсенуінде маңызды рөл атқарады) экспрессиясын шақыратын факторларды керек етпейді. Бұл дендритті жасушалардың иммуногенді потенциалының жоғарыекендігін көрсетеді. Дендритті жасушаларда микробты жасушалар мен ірі вирустарды
жұту қабілеті болмағанымен, олар нәруыздар мен вирусты бөлшектерді
пиноцитоз арқылы жеңіл жұтады.
І және ІІ класс МНС молекулаларының үнемі экспрессиясы
иммуногенді кешендердің тез түзілуне әкеледі. Сондықтан дендритті