Оқулық Ә.Ә. Шортанбаев, С. В. Кожанова



Pdf көрінісі
бет134/459
Дата21.03.2022
өлшемі10,03 Mb.
#28504
түріОқулық
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   459
 
 
 
ЖАСУШАЛЫҚ ИММУНИТЕТ ЖҮЙЕСI 
 
Жасушалық  иммунитет  жүйесі  және  оның  қызметтері.  Т-
лимфоциттердiң 
антигентәуелсiз 
дифференцировкасы. 
Т-


 
91 
лимфоциттердiң  тимустағы  оң  және  терiс  сұрыпталуы,  олардың 
маңызы. Т-хелперлердiң антигентәуелдi дифференцировкасы. Тх1 мен 
Тх2  функционалды  ерекшелiктерi.  Т-киллерлердiң  антигентәуелдi 
дифференцировкасы, олардың әсер ету механизмі. Т-лимфоциттермен 
антигендердің 
танылуы. 
Супрессор-жасушаларының 
иммунды 
жауаптағы  орны  (Тх,  Тк/с,  макрофагтар  мен  NK-жасушаларының 
рөлi). Табиғи және жасанды төзiмдiлiк, түзiлу механизмдері. 
Жасушалық 
иммунитет 
жүйесіне 
(Т-жүйесіне) 
ізашар 
Т-
лимфоциттердің негізгі дамитын орны – тимус, иммундық жүйесінің шеткі 
мүшелерінде  басымырақ  түрде  Т-лимфоциттер  орналасатын  аймақтар  (Т-
тәуелді 
аймақтар), 
Т-лимфоциттердің 
әртүрлі 
функционалды 
субпопуляциялары (Т-хелперлер, киллерлер, супрессорлар), сонымен қатар 
осы жасушалармен өндірілетін цитокиндер (лимфокиндер) кіреді.  
Тимуста  Т-лимфоциттердің  негізгі  субпопуляцияларының  клондары 
түзіледі.  Шеткі  мүшелерде  Т-лимфоциттер  антигендермен  кездеседі  және 
басқа  иммунды  хабарлы  жасушалармен  кооперация  кезінде  иммунды 
жауаптың қалыптасуына, реттелуіне және оның жүзеге асуына қатысады. 
Т-лимфоциттер  рециркуляция  үрдісіне  белсене  қатысады,  осы 
үрдістің  арқасында  иммунды  бақылау  қызметі  нәтижесінде  иммундық 
жүйесінің біртұтас қызметі жүзеге асады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   459




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет