Оқулық Ә.Ә. Шортанбаев, С. В. Кожанова


Иммундық жүйенiң орталық мүшелерiнде өзінің түзілу барысында



Pdf көрінісі
бет22/459
Дата21.03.2022
өлшемі10,03 Mb.
#28504
түріОқулық
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   459
Байланысты:
immunologia Shortanbaev- казакша

Иммундық жүйенiң орталық мүшелерiнде өзінің түзілу барысында 
осы жасушалар ерекше және өздеріне ғана тән даму сатысынан өтеді, 
оның  иммундық  арнайылығына  тікелей  қатысы  бар:  лимфоциттердің 
белгілі  бір  даму  сатысында  олардың  бетінде  антигендерге  рецепторлар 
түзіледі.  Осының  нәтижесiнде  клондар  түзiледi  (клон  –  бір  жасушадан 
тараған  ұрпақ),  олар  бір-бірінен  рецепторларымен  ерекшеленеді.  Әрбір 
клон  тек  қана  бір  антигенді  “біледі”,  яғни  бiр  лимфоцит  бөгде 
макромолекуланың бір ғана кеңiстiк конфигурациясын таниды, ал барлық 
клондардың  қосындысы  жалпы  мүмкiн  болатын  антигендерді  “таниды”. 
Кейін  жасушалардың  және  олардың  түзетiн  клондарының  сұрыптау 
үрдiсiтерi  жүреді.  Ең  алдымен,  адам  ағзасы  үшін  қорғаныстық  қызмет 
атқаратын, басқа молекулалық конфигурацияны танитын  жасушалар және 
олардың  клондары  бөлініп  алынады,  содан  соң  аутореактивтіқ  (өз  тіні 
үшін  қауіпті)  клондар  жойылады  және  бөгде  антигенді  танушы 
лимфоциттер қалады.  
Белгілі  бір  қызметі  мен  рецепторлары  бар  жетілген  жасушалар 
шеткерi  лимфоидтық  мүшелерге  таралады.  Антигенмен  әсерлеспеген 
лимфоциттер  тыныштық  жағдайдағы  жасушалар  болып  табылады:  олар 
көбеймейді,  белсенді  заттар  бөлмейді  және  олардың  метаболиттiк 
белсендiлiгi  төмен  болады.  Қалыпты  жағдайда  ағзаның  ішкі  ортасында 
толық 
пiсiп-жетілу 
үшiн 
сыртқы 
ортадан 
немесе 
ағза 
ішiнде 
(патологиялық үрдiстер нәтижесiнде) антигендер түзілуі қажет. Антигендi 
танып  және  антигенге  тәуелді  дифференциялануының  бiрнеше  кезеңiнен 
өткен  лимфоциттер,  берiлген  антигенге  қарсы  иммундық  жауапты 
қамтамасыз ететiн және пiсiп-жетiлуiнiң соңғы сатысындағы эффекторлы-
жасушаларға айналады. 
Антидене  арнайылығы  лимфоцитер  клонының  пайда  болуымен 
анықталады деген көзқарас, Ф. Бернеттің иммунитеттің клондық-сұрыптау 
теориясы негізінде жатыр. Бұл теория иммунологияда ерекше орын алады, 


 
23 
қазіргі  кездегі  молекулалық  биология,  биохимия  және  молекулалық 
иммунология мәліметтерімен сәйкес келеді.    


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   459




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет