Оқулық Ә.Ә. Шортанбаев, С. В. Кожанова


байланысы iске асырылады және иммундық жауап дамиды



Pdf көрінісі
бет21/459
Дата21.03.2022
өлшемі10,03 Mb.
#28504
түріОқулық
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   459
байланысы iске асырылады және иммундық жауап дамиды.  
 
 
Ж
АСУШАЛЫҚ   ДЕҢГЕЙ
 
Иммундық жүйенің жасушалары антигендi тануы бойынша, шығу тегі 
мен функционалдық ерекшелігіне  байланысты екi топқа бөлінуі мүмкін. 
  Бірінші  топ  –  лимфоциттер  (әртүрлі  даму  сатысындағы  Т-, 
В-лимфоциттер, 
плазмалық 
жасушалар 
және 
нөлдік 
лимфоциттер,  оларға  табиғи  киллерлер  -  NK  жасушалары  мен 
К-жасушалары жатады).  
  Екінші  топ  –  антигенді  таныстырушы  жасушалар 
(макрофагтар,  дендриттік  жасушалар,  В-лимфоциттер).  Бөгде 


 
22 
антигендерге 
бұл 
жасушаларсыз 
иммундық 
жауаптың 
қалыптасуы мүмкiн емес.  
Бұдан басқа, иммунды  хабарлы жасушалардың пiсiп-жетiлуiнде және 
олардың 
қызметiнiң 
реттелуiнде 
маңызды 
рөлдi 
микроайналым 
жасушалары  –  құрылымдық  жасушалар  (эпителий  жасушалары  мен 
коллаген және эластин талшықтарын түзетiн фибробласттар) атқарады. 
 
Лимфоциттер 
Лимфоциттер  адам  ағзасында  кеңiнен  тараған  жасушалар  тобына 
жатады.  Ересек  адамның  ағзасында  10
13
  лимфоциттер  бар,  яғни  дененің 
әрбір 10-шы жасушасы - лимфоцит.  
Барлық  лимфоциттердің  ортақ  көзі  –  көп  қабiлеттi  бағаналы 
жасушалар  және  лимфоциттер  өздерінің  дамуының  бастапқы  кезеңін 
сүйек  кемігінде  өтеді  (эмбрионалдық  кезеңде  –  сарыуыз  қапшығы  мен 
бауырда).  Лимфоциттер  диаметрі  7-9  мкм  дөңгелек  және  сопақша  келген 
ядросы  бар,  цитоплазмасы  аз  және  цитоплазмалық  грануласы  өте  аз 
дөңгелекше келген жасушалар.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   459




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет