Оқулық Ә.Ә. Шортанбаев, С. В. Кожанова



Pdf көрінісі
бет257/459
Дата21.03.2022
өлшемі10,03 Mb.
#28504
түріОқулық
1   ...   253   254   255   256   257   258   259   260   ...   459
Байланысты:
immunologia Shortanbaev- казакша

сезiмталдануы, 
екiншi 
рет 
салған 
тіндердiң 
айқын 
жылдам 
тұрақтамау  серпілісін  туғызады.  1945  жылы  П.Медавар  ғылыми 
баяндамасында  трансплантат  тұрақтамауы  донорлық  мүшелерiне 
қарсы  иммунологиялық  жауап  арқылы  жүредi  және  бұл  үрдіс 
организмның генетикалық ерекшелiгiне байланысты деп, жариялады. 
Медавардың 
ұсынысы 
өзiнiң 
дұрыстығын 
дәлелдедi. 
Трансплантацияның  маңызы  –  ол  хирургтың  тәжірибелiгi  емес, 
иммунологиялық  шабуылға  кедергi  келтiретiн  трансплантациялаудың 
хирургиялық  табыстары  екен.  Өзгерген  өз  жасушаларын  анықтап  жоятын 
жүйе  тiкелей  салынған  тiндердегi  бөгде  жасушаларын  айырып  тану  және 
жою қызметiн де атқарады. Ол жүйенi бiз иммундық жүйесi деп бiлемiз.  
Трансплантациялық 
иммунология 
негiздерi 
салынған 
тiндер 
тұрақтамауының  иммунологиялық  негiздерiн  түсiнуге  арналған.  Белсендi 
тәжірибелер  арқылы  иммундық  жүйенiң  активтігін  басуға  арналған 
жолдар және сол эксперименттер нәтижесiнде салынған тiндердiң табысты 
бiтiсуiне  қолайлы  әдiстерi  iздестiрiлген.  Көп  кешiкпей  иммунологиялық 
шабуылды  басатын  әртүрлi  иммунды  супрессиялы  препараттар 
дайындалған.  Медавардың  1945  жылдағы  баяндамасынан  дәл  10  жылдан 
кейiн,  бiрiншi  рет  табысты  түрiнде  адамға  бүйрек  трансплантациясы 


 
192 
жасалған. 
Muchin 
1955 
жылы 
Hamburg 
клиникасында 
бүйректi 
реципиентке  анасынан  табысты  ретiнде  салған.  Совет  Одағында  бiрiншi 
рет  табысты  бүйрек  трансплантациясын  1965  жылы  Петровский  Б.В. 
өткiзген.  Қазiргi  кезде  трансплантация  дүние  жүзiне  кең  тараған  деуге 
болады.  Бүйрек,  бауыр,  жүрек,  өкпе,  сүйек    кемегi  және  көздiң  мөлдiр 
қабығын  салуы  қазiргi  кезде  өте  зор  жылдамдықпен  және  үлкен 
табыстармен өтуде. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   253   254   255   256   257   258   259   260   ...   459




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет