190
ассоциацияланғаны көрсетiлген. Осы зерттеулердiң дифтерия ауруының
“жоғары қаупi” тобын құру үшiн және қанның жоғары иммунды
препараттарын алу мақсатымен жасанды иммунизацияға арналған
донорларды сұрыптауда маңызды практикалық мәнi бар.
Басқа да авторлар менингит, iрiңдi-септикалық жағдайлар,
шигеллез, хламидиоз, сальмонеллез, клебсиеллез, йерсиниоз кезiнде HLA-
В27 және HLA-В35 антигендерi бар адамдарда асқынулар көп кездесетiнiн
және ауыр ағымда өтетiнiн анықтаған. HLA iрiңдi инфекциямен
ассоциациялық байланысын талдау кезде iрiңдi микрофлораға иммунды
жауаптың төмен болуы HLA-А11, В5, В15 антигендерiне байланысты екенi
көрсетiлген. Сонымен қатар, пиоиммуноген егілген адамдарда иммунды
жауаптың
төмен
денгейi
HLA-А2,
В7,
В18
антигендерiмен
ассоциацияланғаны анықталған. Бұл зерттеулердiң барлығы “HLА–
иммундық жауапауру” байланысын көрсетедi.
Қазiргi кезде HLA және аурулар арасындағы байланыс зерттеу
кезiнде иммундық жауапты реттеуде қызмет атқаратын HLA жүйесiнiң әр
локустарының субтиптерiн анықтау өте маңызды болып отыр.
Сонымен, тiндiк антигендер мен патологияның арасындағы
байланыс қалыптасу механизмдерiн, ең бiрiншi тiндердiң антигендiк
құрамын бақылайтын локустардың генетикалық ассоциациясына жауапты
және олар ауруларға организмнiң бейiмдiлiгiн көрсетедi. Сонымен қатар,
аурудың дамуына «екiншiлiк факторлар да»: адамның ұлты, жынысы,
сыртқы қоршау факторлары, тұру жерi, өмір сүру жағдайы, т.б. әсерiн
көрсетедi.
Бас гистосәйкестiк комплексiнiң антигендерi мен әртүрлi аурулар
арасындағы
ассоциациялық
байланыстарын
зерттеулер
нәтижелерi
практикада ауруды диагностикалау, дифференциалды диагностикалау,
ағымын болжамдау және алдын алу кезінде қолдануға мүмкiндiк бередi.
Достарыңызбен бөлісу: