Жедел тұрақтамау серпілісі.Салынған тiннiң жасушатәуелдi
тұрақтамау серпілісін жедел серпілісі деп атайды; бұл серпіліс
трансплантациядан 7-14 шақты күннiң iшiнде өтедi. Гистопатологиялық
байқау бойынша, Т-хелперлердiң (Т
х1
) активтелiнуi және бөлiнуi арқылы
өтетiн
тiндегi
деструкциялану
ошағында
макрофагтар
және
лимфоциттердiң көлемдi шоғырлануын көруге болады.
Созылмалы тұрақтамау серпілісі. Созылмалы тұрақтамау
серпілісі жедел тұрақтамау серпілісі тартылғаннан кейiн, айлар-жылдар
iшiнде өтедi. Созылмалы тұрақтамау серпілісі механизмдерiне гуморалды
да, жасушалық та серпілістер кiредi. Созылмалы тұрақтамау серпілісін жиi
иммуносупрессивтi препараттармен жеңiп шығуға қиын болады, сол
себептен ол серпіліс қайта трансплантациялауды талап етедi.