Оқулық Ә.Ә. Шортанбаев, С. В. Кожанова


Тiндiк   iрiктеу. Серологиялық HLA-iрiктеу және АЛД



Pdf көрінісі
бет273/459
Дата21.03.2022
өлшемі10,03 Mb.
#28504
түріОқулық
1   ...   269   270   271   272   273   274   275   276   ...   459
Байланысты:
immunologia Shortanbaev- казакша

 
Тiндiк   iрiктеу. Серологиялық HLA-iрiктеу және АЛД. 
Мүшелер  мен  тiндердi  салған  кезде  донор  мен  реципиенттi 
гистосәйкестiк  дәрежесi  бойынша  iрiктеуге  1958  жылы,  алғашқы  рет  Ж. 
Доссе  бiрiншi  трансплантациялық  (лейкоцитарлы)  антигендi  бейнелегенi, 
мүмкiндiк  бердi.  Шеткерi  қанда  трансплантациялық  антигендердiң  толық 
жиынтығын  алып  жүретiн  жасушалары  бар  екенi  белгiленген.  Бөгде 
организмнiң  ол  антигендерiн  жойып  шығаруға  бағытталған  иммундық 
серпілісі  жүредi.  Тұрақтамау  серпілісі  МНС-комплекс  пен  кiшi 
гистосәйкестiк  комплексiне  жататын  қан  тобының  антигендерiне  қарсы 
жүредi.  МНС  адамдарда    HLA-жүйесi  деп  аталған,  негiзi  осы  жүйенiң 
антигендерi  бойынша  донор  мен  реципиент  сәйкес  болмаса,  тұрақтамау 
серпілісі  өтедi.  Тұрақтамау  серпілісінің  өнiмделуiне  жауапты  МНС-
комплекстың 
және 
қан 
тобы 
антигендерiнiң 
айырмашылықтары 
болғандықтан,  донор  мен  реципиенттiң  тiндiк  гистосәйкестiгiн  анықтау 
үшiн  әр-түрлi  тiндердi  iрiктеу  әдiстерi  зерттелген.  Бiрiншiден,  донор  мен 
реципиентте  АВО-антигендерi  бойынша  топтық  сәйкестiгiн  анықтайды. 
Трансплантаттағы  осы  антигендердiң  қайсысына  болса  да  қарсы 
синтезделген  антиденелер,  сәйкессiздiк  жасушаларда  комплементтәуелдi 
лизистi шақырады.  
Қазiргi  кезде  гистосәйкестiк  антигендердi  молекулалық  ДНК-
зондылау  арқылы  полимеразды  тiзбектi  серпіліс  (PCR)  көмегiмен 
анықтауға болады, оны молекулярлы-генетикалық iрiктеу деп атайды. 
Донор  мен реципиенттi HLA-антигендерiн серологиялық iрiктеу үшiн 
микролимфоциттiтоксикалық  тест  (МЛЦТ)  қолданады.  Бұл  тест  бойынша  
SD 
(serological 
defined-серологиялық 
анықталатын)-антигендердi 


 
201 
анықтайды.  Оларға    А,  В,  С,  DR  локустарының  антигендерi  жатады. 
МЛЦТ  өткiзу  үшiн,  донор  мен  реципиенттiң    лимфоциттерiн  бөлiп  алу 
керек,  содан  кейiн  микротитрлеу  планшеттарының  ячейкаларына  МНС  I 
және  II  класс  антигендер  аллельдерiне  ерекшелiктi  моноклонды 
антиденелер  құйылады,  содан  соң  лимфоциттердi  қосу  керек.  Осы 
планшеттарды  инкубациялағаннан      кейiн      комплемент      қосады,    содан   
кейiн    серпілісті  жасушалар    жойылуынан    немесе    осы  тек  ғана  өлген 
жасушаларға  әртүрлi  бояғыштар    (көк  трипан  немесе  эозин)  қосылуы 
арқылы бағалайды. Егер лимфоциттер    бiр   моноклонды   антиденелерге   
ерекшелi    МНС    аллелiн экспрессияласа, комплемент  қосқаннан  кейiн, 
ол  жасушалар жойылады да, өлген  жасушалар  көк  трипанмен  боялады.  
HLA-iрiктеу  комплементтәуелдi      жасушалық  цитотоксикалық  әсерi 
арқылы    өтедi    және    ол    әр-түрлi    МНС  аллельдерiнiң  болуын  немесе 
жоқтығын көрсетедi.  
D  локусының  антигендерiн  LD  -  (ағылшыннан  limphocyte  defined-
лимфоциттермен  анықталатын)  антигендерi  деп  атайды.  LD-антигендерiн 
АЛД  серпіліс  арқылы  стандарттық  лимфоциттер  көмегiмен  анықтауға 
болады. АЛД серпілісті бласттық  трансформациялану серпіліс арқылы екi 
адамның 
(гистосәйкестiк 

локус 
антигендерiмен 
ажырылатын) 
лимфоциттерiн  өсiрiп  анықтауға  да  болады.  Донор  мен  реципиенттiң  
аралас  
лимфоциттер  дақылды  серпіліс  әлсiз  болған  кезде,  трансплантат 
тұрақтауы өте жақсы болады. Егер донорлық мұшесі өліктен болса, онда 4-
6  күн  iшiнде  АЛД  серпілісін  қоятын  мұмкiншiлiк  болмайды,  солндықтан 
донор  мен  реципиенттi  HLA-антигендерi  бойынша  iрiктеу  үшiн  МЛЦТ 
әдiсi тиiстi болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   269   270   271   272   273   274   275   276   ...   459




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет