Оқулық Ә.Ә. Шортанбаев, С. В. Кожанова


Т-жасушалық      компоненттерiне      немесе      цитокиндерге      қарсы



Pdf көрінісі
бет281/459
Дата21.03.2022
өлшемі10,03 Mb.
#28504
түріОқулық
1   ...   277   278   279   280   281   282   283   284   ...   459
Т-жасушалық      компоненттерiне      немесе      цитокиндерге      қарсы 
моноклонды      антиденелер    қолдану.  Моноклонды  антиденелер  табысты 
түрiнде 
жалпы 
Т-жасушалардың 
немесе 
Т-лимфоциттер 
субпопуляцияларының  активтiлiгiн  басу  үшiн  қолдануда.  Тек  қана 
аллоантигенмен 
активтелген 
Т-жасушаларды 
басуға 
бағытталған 
моноклонды 
антиденелердi 
пайдалану 
технологиясы 
әлi 
жете 
зерттелмеген,  бiрақ  жануарлар  модельдерi  моноклонды  антиденелердiң 
келешекте негiзгi иммунсупрессорлар болатындығын көрсетедi. 
Т-жасушаалық  рецептордың  (ТКР)  CD3  молекуласына  қарсыланған 
моноклонды  антиденелер  кейбiр  кездейсоқ  жағдайларда  Т-жасушалардың 
активтелiнуiн  блоктайды.  Кейбiр  моноклонды  антиденелердi  енгiзу 
айналымдағы  Т-лимфоциттердiң  әлсiреуiмен  аяқталады.  Бұл  әлсiреу 


 
205 
циркуляциядан  Т-лимфоциттердi  фагоцитоздап,  ары  қарай  шығарып 
жiберетiн  фагоцитарлық  жасушаларының  Fc-рецепторымен  антидене-
жабылған  Т-лимфоциттедiң  байланысуы    арқылы  шақырылады.  Қазіргі 
кезде  бүйрек  аллотрансплантациясының  жедел  тұрақтамау  серпілісін 
емдеу және алдын алу үшін IOR T3 (муромонаб) препараты қолдануда, ол 
CD3  маркеріне  қарсы  тышқанның  моноклонды    антиденелері  болып 
келеді. 
Трансплантат  бiтiсуiн  жоғарылату  үшiн  жоғары-аффинды  ИЛ-2-
рецепторына  арнайылықты  моноклонды  антиденелер  табысты  қолданған. 
Жоғары-аффинды 
ИЛ-2-рецепторын 
тек 
ғана 
Т-жасушалар  
экспрессиялаған-дықтан,    анти-ИЛ-2  келесi  трансплантациялағанда, 
салынған  тканьдiң  аллоантигендерiне  қарсыланған  Т-жасушалардың 
бөлiнуiн арнайы блоктайды. Қазір салынған мүшелердің жедел тұрақтамау 
серпілісін  тежеу  үшін  ағылшын  препараты  –  симулект  қолдануда,  ол 
химералық  (тышқан/адам)  CD25  (ИЛ-2-ге  рецептор)  қарсы  моноклонды 
антиденелерге жатады. 
CD3  және  жоғары-аффинды  ИЛ-2-рецептор  екеуiде,    бар  активтелген  
Т-жасушаларында  экспрессияланады.  Қазiргi  кезде  басқа  айрықша  Т-
лимфоциттер  субпопуляциялар  бетiндегi  мембраналық  молекулаларына 
арнайылықты  моноклонды  антиденелердiң  әсерi  де  зерттелiп  жатыр. 
Мысалы,  CD4-ке  арналған  моноклонды  антиденелер    пайдалану  кезiнде, 
салынған тiндер ұзақ уақытқа дейiн тұрақталады. 
Аллотрансплантат  тұрақтамау  серпілісінде  өте  маңызды  қызметтi 
цитокиндер  атқаратындықтан,  салынған  тiн  ұзақ  уақытқа  дейiн 
тұрақталудың  басқаша  стратегиясы  –  ол  жануарларға  TNF-,  INF-  және 
ИЛ-2  сияқты  цитокиндерге  арнайылықты  моноклонды  антиденелердi 
енгiзу.  TNF--ға  арналған  моноклонды  антиденелер  тышқандарда  сүйек 
кемегi  тұрақтау  уақытының  ұзаруын    және  “ТИҚР”  көрiнiстерiнiң 
азайюын  көрсеттi.  INF-  және  ИЛ-2  арналған  моноклонды  антиденелер 
кейбiр  жағдайларда  егеуқұйрықтың    трансплантациялаған  жүрегiн 
тұрақтау 
уақытын 
ұзаруын 
көрсеткен. 
Қазіргі 
кезде 
адамдарда 
трансплантациялау кезде әлі антицитокинді антиденелер пайдаланбайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   277   278   279   280   281   282   283   284   ...   459




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет