түрiн ажыратады. Бiрiншiсiасқазан-ішек жолдарының шырышты қабатында, дене
қуыстарының сiрi қабықтарында және өкпеде орналасқан.
Екiншi түрiдәнекер тiнiнде орналасқан, көбiне қан тамырлары
бойында, терi астының дәнекер тiнiнде көп.
Мес жасушаларының екi түрi де ИЛ-3 әсерiнен ортақ iзашардан түзiлсе
де, олар цитоплазмалық түйiршiктерiндегi медиаторлар құрамы бойынша
ерекшеленедi. Бұдан басқа мес жасушалар бұл 2 түрi өсуге қатысатын Т-
лимфоциттердiң қажеттiлiгiменде ажыратылады. Т-лимфоциттер (ИЛ-4 өндiретiн Тх2) болмаған жағдайда, шырышты қабықтың мес жасушалары өсе алмайды. Мес жасушалар мен базофилдер арасында көп ұқсастық бар.
Бiрiншiден, олар бiрдей медиаторлар жиынтығын өндiредi. Мес
жасушалар мен базофилдердiң медиаторларын3топқа бөледi.