Жоғары сезiмталдықтың II-түрiнiң патогенезiне Т-лимфоциттер қатыспайды. II-түрi бойынша дамитын аллергиялық серпiлiс мысалдарына дәрiлiк цитопения жатуы мүмкiн, мысалы: анальгин қабылдағаннан кейiнгi
гранулоцитопения.
Көптеген
дәрiлiк
заттарды
қабылдағанда
тромбоцитопения, лимфопения, анемия дамуы мүмкiн. Олардың даму
патогенезiнiң негiзiнде осы дәрiлердiң немесе олардың өнiмдерiнiң қан
жасушаларының нәруыздарымен кешендi антиген құруы жатады. Дәрiлiк
гаптендерге қарсы түзiлген антиденелер қан жасушалары бетiнде
жабысып, комплементтi әсерлеу арқылы осы жасушаларды ерiтiп жiбередi.