32-ші сурет. Тіндердің иммунологиялық зақымдануының иммундық кешен түрі (А.Ройт және т.б. Иммунология, Москва, 2000) Иммундық кешен ауруларының дамуына келесi жағдайлар ықпал етедi: 1. Фагоцитарлық жүйенiң үнемi немесе бiр уақытта қарқынды
жүктемеден соң көп көлемде иммундық кешендердiң түзiлуi
(жедел және созылмалы жұқпалар және аутоиммундық
аурулар кезiнде).
2. Майда дисперсиялық иммундық кешендердің көп мөлшерде
түзiлуi, олар комплемент жүйесiн белсендіре алмағандықтан,
фагоцитозға
нашар
ұшырасады.
Майда
дисперсиялық
иммундық кешендер антиденелердiң немесе антигендердiң
мөлшерде көп болған жағдайда түзiледi. 3. Қан ағысының баяулауы және микроайналымның бұзылуы. 4. Фагоцитарлық жүйенiң жеткiлiксiздiктерi.