253
Иммунды жүйенің бұзылыстары айқын және тұрақты болуы тиіс, себебі
иммунды жүйенің көрсеткштері өзгермелі және оның бөліктері бір бірін
толықтырып, компенсациялап тұратыны белгілі.
Иммунды жүйенің бұзылыстары тек қана мөлшерлік емес,
функционалды да
болуы тиіс.
Иммунды жүйенің бұзылыстары арнайы (адаптивті) иммунитетке де, арнайы
емес иммунитеттке де қатысты болуы мүмкін.
Кейбір адамдарда екіншілік иммунды тапшылықтың иммунды-зертханалық
белгілері табылып, клиникалық көріністері, созылмалы шаршау сияқты, балама
ғана болуы мүмкін. Бұндай кезде бұл адам екіншілік иммундытапшылықпен
негізделетін
патологияның
(жұқпалы,
аутоиммундық,
аллергиялық,
онкологиялық) дамуының “қауып аймағында” екендігін ескеру керек. Сонымен
қатар, “қауып аймағында” болу – қайтармалы жағдай, иммунды реабилитация
шараларымен бұл адамға әлі де көмектесу мүмкін.
Екіншілік ИТЖ қалыптасуына сабепкер келесі факторлар (259
беттегі 36-шы сур.):
физиологиялық (жасқа байланысты) факторлар;
ауруға шалдығу;
ятрогендік факторлар;
экологиялық факторлар;
өмір салтының қауыпты факторлары.
Достарыңызбен бөлісу: