Оқулық Ә.Ә. Шортанбаев, С. В. Кожанова


Екiншiлiк  иммундық  жауап



Pdf көрінісі
бет42/459
Дата21.03.2022
өлшемі10,03 Mb.
#28504
түріОқулық
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   459
Екiншiлiк  иммундық  жауап  көптеген  көрсеткiштерi  бойынша  бiрiншiлiк 
жауаптан  ерекшеленедi.  Екiншiлiк  иммундық  жауап  кезiндегi  жасырын 
кезең өте қысқа, жылдам дамиды және антиген аз мөлшерде болуын талап 
етедi,  оның  айқындалған  пiсiп-жетiлу  белгiлерi  бар,  оның  гуморалдық 
және  жасушалық  факторлар  арнайылығы  антигенге  қатысты  жоғары 
болады.  Екiншiлiк  иммундық  жауап  бiрiншiлiк  иммундық  жауапқа 
қарағанда, ағзаның тиiмдi қорғанысын қамтамасыз етедi. Антигенге қарсы 
бiрiншiлiк  және  екiншiлiк  серпiлiстерде  IgM  белсендiлiгi  мен  күштiлiгi 
бiрдей.  IgG-дiң  деңгейi  бiріншiлiк  жауапқа  қарағанда,  екiншiлiк  жауап 
кезiнде  өте  жоғары.  Екiншiлiк  иммундық  жауап  жоғары  деңгейде  болу 
себебi, ағзада зерде жасушалардың болуына байланысты. 
Егер  иммундық  жауаптың  қарқындылығы  енген  антигендердiң 
мөлшерiне  тепе-тең  келсе  -  мұндай  иммундық  жауапты  нормэргиялық 
деп  айтады,  яғни  антидене  және  антигенарнайы  Т-лимфоциттердiң 
мөлшерi  енген  антиген  мөлшерiмен  теңбе-тең  болады.  Егер  де  иммундық 
жауаптың қарқындылығы шектелген мөлшерден асса, мұндай иммундық 
жауап гиперэргиялық болып табылады (мысалы жоғары сезiмталдық). 
Кейбiр  жағдайларда, макроағза әртүрлi  себептерге байланысты енген 
антигендерге  иммундық  жауап  қайтармайды.  Иммундық  жүйенiң  мұндай 
арнайы ареактивтiлiк жағдайы иммунологиялық төзiмдiлiк деп аталады 
(төзiмдiлiк – жауап қайтармау, шыдамдылық). 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   459




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет