Оқулық Ә.Ә. Шортанбаев, С. В. Кожанова


Антигендердiң құрылымдық сипаттамасы



Pdf көрінісі
бет44/459
Дата21.03.2022
өлшемі10,03 Mb.
#28504
түріОқулық
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   459
Байланысты:
immunologia Shortanbaev- казакша

Антигендердiң құрылымдық сипаттамасы  
Иммундық  жауап  антигеннiң  барлық  макромолекуласына  емес,  оның 
антигендiк  детерминант  деп  аталатын  белгiлi  бiр  бөлiгiне  қарсылық 
көрсетедi.  
Антигендiк детерминанттың қазiргi кездегi атауы – эпитоптар.  
Эпитоп  –  иммундық  жауап  кезiнде  түзiлетiн  антиденелер  мен 
эффекторлы Т-лимфоциттердiң арнайылығын қамтамасыз ететiн жеке 
химиялық  және  құрылымдық  сипаты  бар  антиген  молекуласының  бiр 
бөлiгi
Антигендiк  детерминанттардың  саны  молекула  құрылымы  мен  оның 
өлшемiне  байланысты  болады.  Бiр  тасымалдаушыда  бiрнеше  антигендiк 
детерминанттар  болуы  мүмкiн,  мысалы,  жұмыртқа  альбуминiнiң 
молекуласында 
кем 
дегенде 

детерминант, 
күл 
токсиндерінің 
молекуласында  –  8  детерминант,  ал  тиреотропин  молекуласында  –  40 
детерминанттан көп болады. 
Эпитоптың  құрылымы  антидененiң  белсендi  орталығына  немесе  Т-
жасушалық  рецепторына  комплементарлы.  Антиген  мен  антидененiң 
әрекеттесуi негiзiнде кеңiстiк құрылымының сәйкестiлiгi жатыр, неғұрлым 
антиген  мен  рецептор  арасында  кеңiстiктiң  сәйкестiлiгi  көп  болса, 
соғұрлым  олардың  әрекеттесу  деңгейi  жоғары  болады.  Мұнда  антигендiк 
эпитоптың  және  де  антигенді  байланыстырушы  рецепторлардың  белсендi 
орталығының  өлшемдерi  үлкен  рөл  атқарады,  өйткенi  рецепторлардың 
белсендi 
орталықтары 
ойық 
тәрiздес, 
ол 
ойық 
антигендiк 
детерминанттарымен толтырылады.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   459




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет