Әдiстiң қойылуы.Стрип лункаларына 100 мкл активтелген ерiтiндiнi
енгiзiп, 37
0
С температурада 30 мин. инкубациялады. Стриптер инкубация
кезiнде пластикалық пакеттерге орналастырған. Инкубациядан кейiн
лункалардың құрамын төгiп, лункаларды 3 рет жұмыстың буферлiк
ерiтiндiсiмен жуған. Алғашқы 2 стриптiң төменгi лункаларында 100 мкл
калибрлiк сынауды енгiзген, қалған лункаларға 100 мкл талдайтын ерiтiлген
сарысу үлгiсiн енгiзедi және 37
0
С 45 мин. бойы инкубациялады. Содан соң
лункалардың құрамын сiлкеу арқылы түсiрiп, лункаларды 3 рет жұмыстың
буферлiк ерiтiнiдiсiмен тез арада жуған. Барлық лункаларға 100-ден
конъюгат ерiтiнiдiсiн енгiзiп, стриптердi жауып, 37
0
С 30 мин. бойы
инкубациялады. Содан кейiн лункалардың құрамын сiлкеу арқылы түсiрiп, 3
рет жұмыстың буферлiк ерiтiндiсiмен жуған және құрғатқан. Барлық
лункаларды қолданудың алдында дайындалған кезде үстiне алдына ала 100
мкл ОФД ерiтiндiсiн қосқан. Стриптердi қақпақпен жауып және 25-30 минут
жарық жерден алыс 22±4
0
С ұстаған. 50мкл стоп-реагенттердi барлық стрип
лункаларға қосқан. Талдаудың нәтижесiн толқын ұзындығы 492 нм тең
фотометриялық тiркеген. Зерттелетiн үлгiлерде иммуноглобулиндердiң
концентарциясын, оптикалық тығыздықтың алынған маңызын калибрлiк
графикке салу арқылы анықтады.