Оқулық Ә.Ә. Шортанбаев, С. В. Кожанова


-шы сурет. С1q қолдануы арқылы айналымдағы иммундық



Pdf көрінісі
бет435/459
Дата21.03.2022
өлшемі10,03 Mb.
#28504
түріОқулық
1   ...   431   432   433   434   435   436   437   438   ...   459
40-шы сурет. С1q қолдануы арқылы айналымдағы иммундық 
кешенді анықтау  
Микробтық  антигенмен  иммундық  кешеннiң  құрылуы  жұқпаларға 
қарсы  физиологиялық  қорғаныс  болып  табылады.  Айналымдағы  иммундық 
кешендер  табиғаты  әр  түрлi  антигендердi,  сонымен  қатар,  зақымдалған 
жасушаларды  жою  арқылы  ағзаның  гомеостазын  ұстап  тұруға  ықпал 
жасайды. АИК тек қана қан айналым жүйесiнде немесе тiндерде түзiлiп, сол 
тiндердiң жасушааралық сұйықтығынан келiп түседi. 
АИК  негiзiнен  қан  тамырдан  фагоцитоз  арқылы  шығарылады. 
Иммундық  кешендердiң  фагоциттердегi  Fc-рецепторларымен  байланысу 
арқылы  фагоцитоз  үрдiсiн  белсендiредi.  Бұдан  басқа  фагоцитоздың 
белсендiлiгi  комплементтiң  классикалық  жолымен  белсендiлiгi  жүредi 
(құрамында IgM және IgG (1, 3) бар иммундық кешендер үшiн).  
Құрамында  IgA  бар  иммундық  кешендер  арнайы  Fc-рецепторлары 
арқылы  бауырдың  купфер  жасушаларымен  ұсталады.  Әрi  қарай  бұл 
кешендер  өтшығару  жүйесi  арқылы  iшекке  түседi.  Егер  иммундық 
кешендердiң  концентарциясы  қажет  деңгейден  артық  болмаса,  ағза  оларды 
жояды, бұл кезде ешқандай зиян келтiрмейдi. Егер де концентарциясы артық 
болса, көбiнесе, жүйелi аутоиммундық, жұқпалы ауруларда, аллергияда және 
қатерлi  iсiк  ауруларында  АИК  кейбiр  тiндер  мен  мүшелерге  шөгiлiп, 
депозиттер  құрайды  және  компелементтiң  белсендiлiгi  арқылы  қабыну  - 
деструктивтiк үрдiстi тудырады.  
Физиологиялық 
жағдайларда 
иммундық 
кешендердiң 
түзiлу 
жылдамдығы 
ағзаның 
оларды 
элиминациялау 
жылдамдығымен 
салыстырғанда  төмен.  Сондықтан  қалыпты  жағдайда  қан  сарысуында  АИК 
деңгейi  төмен  (55  у.е.  дейiн).  Қанда  иммундық  кешендер  эритроцитпен 
байланысты  ғана  емес,  сонымен  бiрге,  плазмада  бос  түрiнде  кездеседi. 


 
Эритроцитпен  байланысқан  кешендер  сирек  зақымдаушы  әсер  көрсетедi, 
сондықтан да бос АИК деңгейiн анықтауында көп көңiл бөледi.  
 
Әдiстiң  қағидасы.  Қан  сынақтарын  сұрыптаған  кезде  бiрқатар 
сақтықты сақтау қажет, себебi байланысқан кешендер ұйынды түзiлген кезде 
I  факторлардың  әсерiнен  оңай  бөлiнедi.  Сондықтан  да,  осы  үрдiс  болмау 
үшiн эритроциттердi плазмадан тез арада бөлiп алу қажет. 
 
Құрамында  IgG  антиденелерi  бар  орташа  және  iрi  кешендердi 
идентификациялау 
үшiн 
0,1 
натрий-бораттық 
буфердегi 
pH 
8,4 
полиэтиленгликоль  (ПЭГ  6000)  ерiтiндiсiнде  тұнбаланған  иммунды 
кешендердi  қолданады.  Кейiн  тұнбада  IgG  анықтайды.  Жұмыс  қоспасын: 
науқастың  100  мкл  қан  сарысуын  және  200  мкл  буфер  есепте  дайындайды. 
ПЭГ  0,9  мл  ерiтiндiсiне  100  мкл  жұмыс  қоспасын  қосады,  ал  бақылау 
пробиркасында  100  мкл  жұмыс  қоспасына  0,9  буфердi  қосады.  Екi  шыны 
ыдысты  (пробирканы)  1  сағ.  бөлме  температурасында,  кейiн  СФ  26-ғы 
толқын  ұзындығы  450  нм  тең  спектрофотометрияда  ұстайды.  АИК  санын 
бақылауға  қарағанда  оптикалық  тығыздықтың  айырмашылығы  арқылы 
анықтайды  және  шартты  бiрлiк  түрiнде  белгiлейдi.  Осы  қағида  бойынша 
иммундық кешендi анықтауда бiрқатар коммерциялық жүйелер негiзделген.     
     Көбiнесе,  айналымдағы  иммундық  кешендердiң  тiндерге  жиналуын  емес, 
олардың  рөлiн  назарға  алу  керек.  Көптеген  АИК  өз  бетiмен  зиянсыз.  Тек 
олардың  тiндерге  жиналуы  кезiнде  ғана  зақымданулар  пайда  болады. 
Сондықтан  тiндер  сынамасының  тiкелей  талдауы  бағалы  болып  табылады. 
АИК  концентарциясын  анықтау,  иммунды  кешен  ауруларда  үрдiстiң 
белсендiлiгiн  бағалау  және  қан  құюдың,  плазмаферездiң,  гемосорбцияның 
нәтижелiгiн бақылау кезiнде тиiмдi. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   431   432   433   434   435   436   437   438   ...   459




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет