Оқулық Ә.Ә. Шортанбаев, С. В. Кожанова


Лейкоциттердiң миграциясын тежеуші серпiлiсi (ЛМТС)



Pdf көрінісі
бет439/459
Дата21.03.2022
өлшемі10,03 Mb.
#28504
түріОқулық
1   ...   435   436   437   438   439   440   441   442   ...   459
Лейкоциттердiң миграциясын тежеуші серпiлiсi (ЛМТС) 
ЛМТС 
әр 
түрлi 
жұқпалы 
ауруларда, 
негiзiнен 
жасушаiшiлк 
бактериялармен  зақымданғанда:  туберкулез,  бруцеллез,  лепра;  кандидоз 
және  созылмалы  вирусты  жұқпаларда  иммундық  жауабын;  сонымен  қатар 
аллергиялық ауруларда аллергендерге сезiмталдығын анықтау үшiн табысты 
қолданады. 
Әдiстiң қағидасы. Эритроциттер қоспасы жоқ қан плазмасынан алынған 
лейкоциттер  қоспасын,  (50  мкл)  199-шi  ортасымен  (бақылауда)  және 
индуцирлеген  вариант  –  ФГА-мен  бiр  көлемде  араластырады.  ФГА 
концентрациясы 1 мл-де 10 мкг. 
Осы  серпiлiстiң  бiрнеше  модификациясы  бар.  Иммунологиялық  серпiлiске 
арналған  планшетке,  дуплетке  немесе  триплетке  10%  бұзаудың  эмбриондық 
белсенденген  сарысу  қосылған  199  ортасын  құяды.  Мөлшерi  7мм  және 
диаметрi 1мм капиллярды ортасы бар лейкоциттер қоспасымен немесе ФГА-
мен  толтырады.  Бiр  ұшын  арақатынасы  1:3  тең  парафин  және  воск 
қоспасымен  толтырады,  екiншi  жағын  –  планшеттiң  ұясына  түсiредi. 
Планшеттi қақпақпен жабады, 18-24 сағатқа 37
о
C инкубациялайды.  
Капиллярды  алып  тастағаннан  кейiн  сұйықтықты  лункаларда  қайтадан 
суспензиялайды.  Әр  лункада  лейкоциттердiң  санын  Горяев  камерасымен 
есептейдi.  ФГА-мен  бақылау  және  сынақ  үшiн  орташа  санын  есептейдi. 
Миграция 
индексiн 
есептеу 
үшiн 
тәжiрибедегi 
жасушалардың 
концентарциясын  бақылаудағы  сондай  концентрацияға  бөледi.  Қалыпты 
жағдайжа арақатынасы 0,3-0,5 тең. 
Капиллярлық  әдiс.  Бөлiнген  лейкоциттермен  бiр  жағы  ашық,  ал  екiншi 
жағы  жабылған  2  капиллярды  толтырады.  Кейiн  центрифугалайды  және 
жасушалары  жоқ  тұнбаны  алып  тастайды.  Содан  соң  бiр  капиллярға 
ынталандыруды  (ФГА)  қосады  және  24  сағат  бойы  37
0
  С
 
инкубациялайды. 
Бақылау  және  тәжiрибе  капиллярының  ашық  жағынан  планшеттiң  ұясына 
лейкоциттердiң  миграциясы  жүредi.  Серпiлiстi  бақылау  және  тәжiрибе 
ұяларындағы  жасушалар  концентарциясының  арақатынасымен  бағалайды. 
Қалыпты жағдайда арақатынасы 0,6-0,87 тең (миграция индексi). 
    


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   435   436   437   438   439   440   441   442   ...   459




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет