7-ші сурет. Антиидиотиптік тор АД – антигенге қарсы антиденелер; АИТ-I – 1-ші реттік антиидиотип;
АИТ-II – 2-ші реттік антиидиотип
Бұл
жағдай
1-реттiк
антиидиотипке
сай
рецепторлары
бар
Т-
супрессорлардың белсенуiн және берiлген антигенге қарсы қызмет атқарушы
лимфоциттер клондарының тежелуiн шақырады.
Антиидиотиптік антиденелердің иммунды жауапты реттеуде маңызы зор. Олардың Тх, Тс, В-лимфоциттермен әрекеттесуi антигеннiң орнын баса
алады. Ең алғашқыда супрессия механизмiн мына жағдаймен байланыстыруға
болады: антиидиотиптер Т-супрессорларды реттейдi және сонымен қатар,
антиидиотиптерiне
комплементарлы
иммуноглобулиндiк
антигентанушы
рецепторлары бар В-лимфоциттер клондарының дифференциялануын тежейдi.
Кейiннен