Нәрестелердiң пассивтi иммунитетi Жаңа туған балаларда пассивтi иммунитет түзiлуiнде негiзгi қызметiн
келесi механизмдер атқарады:
Аналық антиденелердің трансплацентарлы берілуі Ана антиденесінің трансплацентарлы берілуі бұл плацента
жасушаларының нәруыз молекулаларын жұту және оларды деградациясыз
тасымалдауын қамтамасыз ететін белсенді үрдіс болып табылады.
Ананың қан сарысуындағы IgG жоғары мөлшерінде тасымалдануы
бәсеңдейді, ал төмен мөлшерде күшейедi. Бұл механизмнің үлкен
биологиялық мәні бар, өйткені ол ұрпақ қанында берілген нәруызды
деңгейін
бірқалыпты
ұстайды.
IgG
F
с
-фрагментiмен
трофобласт
жасушасының бетiндегi рецепторларға байланысып, пиноцитозға ұшырап,
ұрық қан айналымына түседі.
IgМ тобына жататын антиденелер плацента арқылы өтпейді, ол
грамтеріс микроорганизмдеріне (ішек таяқшасы, сальмонелла) нәрестенің
қарсы тұрмайтындығымен түсіндіріледі. Ұрпақтың иммунды жүйесі
табиғи антигендермен байланысқанда, IgМ синтезiмен жауап береді.
Кіндік қанында 0,2-0,3 г/л-дан артық IgМ мөлшері ұрықтың антигендік
стимулдауын немесе жатырішілік жұқпалы ауырушылықты көрсетеді.