Оқулық екі бөлімді 2 бөлім «Машина жасау технологиясы» мамандығы бойынша



Pdf көрінісі
бет113/316
Дата19.12.2022
өлшемі14,99 Mb.
#58083
түріОқулық
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   316
■ 
қорап тәріздес; 
■ 
күрделі кеңістікті пішіндес; 
■ 
қайтымды-ілгерілемелі және айналымды қозғалысты 
(қозғалғыш) бұрмалайтын;
■ 
қақпақтар, тақтайлар, тұғырық секілді ашық; 
■ 
бүтін немесе құрамалы (жиналмалы) және т.б. 
Машина құрылымының басқа да элементтерін бекіту қызметін 
атқаратын корпустардың негізді беттері көп жағдайда жазық және 
цилиндрлік пішінге ие болады. 
Бұл беттерде қосалқы негіздер-саңылаулар мен жазықтардың 
беті орналасқан. Корпустық бөлшектердің саңылаулары негізгі 
(нақты) және қосалқы деп бөлінеді. Негізгі саңылаулар біліктер мен 
мойынтіректер үшін тірек ретінде қызмет атқарады, бұрандаларды, 
майлауыштарды және т.б. орнату үшін қосалқы саңылаулар 
қолданылады.
2.1. 
152 


Корпустық бөлшектерге дәлдік, беріктік, қаттылық, тозуға 
қарсы төзімділік, ауыспалы температурада минималды өзгеру, 
тығыздық, бөлшектерді оңай құрастыру және бөлшектеу бойынша 
талаптар қойылады. Дәлдік талаптарына жататындар: шақтама өрісі 
H7 және Ra 1,6...0,4 мкм болатын мойынтіректер орнатылатын 
негізгі саңылаулардың диаметрлерін әзірлеу, саңылаулардың 
өстестігінің шегіне рұқсат берілу, оны кіші саңылау диаметріне 
қатысты шақтама өрісінің жартысы шамасында береді, конус 
тәрізділік және сопақтық сәйкес диаметрге қатысты шақтама 
өрісінен 0,3...0,5-нен аспауы қажет.
Саңылау осьтерінің параллельдік шақтамасы 100 мм ұзындыққа 
0,02...0,05 мм-ді құрайды. Түйісетін беттер бүкіл ұзындық бойынша 
түзуден 0,05,0 мм-ге және Ra 1,6.0,8 мкм-ге ауытқиды. Сырғымалы 
беттер жазықтылықтан 1000 мм-ге 0,02...0,05 мм және Ra 0,8...0,4 
мкм-ден 
ауытқуына 
рұқсат 
етіледі. 
Қаптал 
беттерінің 
саңылаулардың осіне перпендикулярлығының шақтамасы 100 мм 
қаптал радиусына 0,01...0,05 мм-ге дейін және Ra 0,8...0,4 мкм-ден 
артық болмауы керек. Ажыратылатын корпустарда саңылаулар осі 
мен ажырату жазықтығымен сәйкессіздігі ±0,2 мм-ге дейін рұқсат 
етіледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   316




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет