Оқулық екі бөлімді 2 бөлім «Машина жасау технологиясы» мамандығы бойынша


Дайындамалардың алу тәсілдері мен материалы



Pdf көрінісі
бет114/316
Дата19.12.2022
өлшемі14,99 Mb.
#58083
түріОқулық
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   316
Дайындамалардың алу тәсілдері мен материалы. Көп 
жағдайда, 
корпустық 
бөлшектердің 
дайындамаларын 
сұр 
шойыннан, таптауға көнгіш шойыннан, түсті қорытпалардан 
жасайды. Діріл, соғу, бұралу және иілу сәттері жағдайында жұмыс 
істейтін корпустық бөлшек дайындамаларын болаттан, ал 
агрессивті 
ортада 
жұмыс 
істейтін 
корпустық 
бөлшек 
дайындамаларын 3X13 3H18N10T маркалы коррозияға төзімді 
болаттардан жасайды. Дәнекерленетін корпустық бөлшектер үшін 
Ст3, Ст4 төменкөміртекті болаттар қолданылады. Құйма 
дайындамаларды жерге, қабықшалы қорама мен темірқорамға құю 
арқылы алады, шағын бөлшектер үшін қорытылатын модельдер 
бойынша құю тәсілі қолданылады. Темірқорамға немесе металл 
формаларға құюды түсті қорытпалар дайындамасын алу үшін 
қолданады.
Қысыммен құю әдісін алюминий қорытпаларынан саңылаулы, 
ішкі және сыртқы ойықтары бар күрделі пішінді дайындамаларды 
алу үшін қолданады. Бұл әдіс өлшем дәлдігі 12-ші квалитетке тең 
дайындамаларды алуға мүмкіндік береді. Құю және дәнекерлеу 
әдісімен алынған дайындамалар термиялық өңдеуге ұшырайды.
153 


Корпустық бөлшектердің өңдеуі. Корпустық бөлшектердің 
өңдеу үрдісі базалардың таңдауымен және түрлі жазықтықтар 
арасындағы өлшем байланысымен анықталады. Корпустық 
бөлшектерді базалардың тұрақтылығын және қиыстыруын ұстанып 
базалайды. Бұны орындаған кезде базалаудың ең жиі екі тәсілін 
қолданады: координаталық бұрышты жасайтын үш жазық бойынша; 
құрылғының екі орнату саусақтарына отырғызу арқылы Н7 
квалитетпен өңделген беттер және екі тесік бойынша
Кейінгі операциялардың көбінде технологиялық базалар ретінде 
қолдану үшін арналған өңделетін бір немесе бірнеше беттердің 
дұрыс орнатуына қол жеткізуге ұмтыла отырып, бірінші 
операцияларда дайындаманы өңделмеген жазықтыққа орнатады. 
Осы операцияда кейінгі операцияларда өңдеуге жататын беттерді 
өңдеу үшін әдіптердің дұрыс бөлуін қамтамасыз етуге ұмтылады. 
Екі негізгі құйылған тесік жеткілікті диаметральді мөлшерге ие 
болған жағдайда, алғашқы операцияда дайындаманы ол тесіктер 
бойынша базалайды. Базалаудың сондай тәсілі негізгі тесіктердің 
кейіннен өңдеуі кезінде біркелкі әдіптің шешуін қамтамасыз етеді. 
Базалау үшін өзіцентрленетін түзеткіш немесе арнайы құрылғылар 
қолданылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   316




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет