Оқулық екі бөлімді 2 бөлім «Машина жасау технологиясы» мамандығы бойынша



Pdf көрінісі
бет122/316
Дата19.12.2022
өлшемі14,99 Mb.
#58083
түріОқулық
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   316
Корпустық бөлшектердің бақылауы. Әдетте корпустық 
бөлшектерде мынадай сипаттамаларды бақылайды:
■ 
негізгі (базалық) беттер орналасуының турашылдығын 
және дұрыстығын;
■ 
негізгі тесіктердің мөлшерлері мен пішіндерін; 
■ 
тесіктер осьтерінің осьтестігін; 
■ 
осьаралық қашықтарын; 
■ 
осьтердің параллельдігін және перпендикулярлығын; 
■ 
негізгі беттерге қарасты тесіктердің дұрыс орналасуын; 
■ 
тесіктердің осьтеріне қарасты шетжақтық беттердің 
перпендикулярлығы.
Беттердің турашылдығын деңгеймен немесе индикатормен 
бақылайды. Тесіктердің диаметрін өлшеу үшін әмбебап өлшеу 
құрылғыларды қолданады: индикаторлық және микрометрлік іш 
өлшеуіш, 
штангенциркуль, 
калибр-тығынды. 
Тесіктердің 
осьтестігін тегіс немесе сатылы бақылау түзеткіштермен 
бақылайды. Бұл түзеткіштерді h5 квалитет бойынша және Ra 
0,63...0,16 мкм кедір-бұдырлықпен орындайды.
Үлкен диаметрлі тесіктерді бақылаған кезде өтпелі төлкелерді 
қолданады (2.10, а сур.). Параллельдіктің осьаралық қашықтық 
және 
ауытқуларды 
индикатормен, 
микрометрмен 
және 
штангенциркульмен тексереді. Тесіктердің негізі бетке қарасты 
дұрыс орналасуын (параллельдік) индикатор арқылы тексереді 
(2.10, 
б сур.).
Тесіктер осьтерінің перпендикулярығынан ауытқуын 
1 6 5
 


2.10-сур. Корпустық бөлшектің бақылау схемасы (а-в): 
1 - корпус; 2 - төлке; 3 - түзеткіш; 4 - индикатор; 5 - калибр 
__________________________________________________________ 
индикаторлары 
бар түзеткіштермен бақылайды. 
Беттердің 
шетжақтары перпендикулярығының оське қарасты бақылауын қуыс 
бұрғы және калибр көмегімен индикатор арқылы орындайды (рис. 
2.10, в сур.). 
СББ бар арнайы бақылау-өлшеуіш құрылғылар корпустық 
бөлшектердің параметрлер кешенінің дәлдігін бақылауға мүмкіндік 
береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   316




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет