Негізгі тесіктердің өңдеуіжете жонуды, планетарлы
ажарлауды, жануыштауды және аунақшамен домалатуды қамтиды.
Алмас-кеулейжону бiлдектердегі жете кеулей жону Н6 және Н7
квалитеттері бойынша тесіктер мөлшерінің жоғары дәлдігі, олардың
геометриялық пішінінің дәлдігі (сопақтық және конус тәрізділікке
шақтама 3...4 мкм) және тесіктер остерінің турашылдығы үшін
қолданады. Алынатын беттің кедір-бұдырлығы - Ra 1,25...0,63 мкм.
Осындай өңдеуді орта және шағын мөлшеріндегі бөлшектерді
шағын диаметрлі дәл тегіс тесіктер үшін қолданады.
Кеулей жонуды қатты қорытпалардан жасалынған тілімі бар
біржүзді кескімен, сондай-ақ аса қатты кесетін материалдармен
жасақталған кескімен және алмас кескімен жасайды. Диаметрі 150
мм асатын тесіктерді өңдеу үшін ішкі планетарлы ажарлауды
қолданады.
Ажарлауыш шарық планетарлы қозғалысты, яғни тесік осіне
қарасты айналысын жасап, айналдырғы осіне қарасты айналады.
Бойлық берiсті дайындаманың қайтымды iлгерiлеме қозғалысымен,
көлденең берісті - ажарлауыш шарықтың жылжуымен іске асырады.
Бұл ретте Н6 квалитет бойынша тесіктердің жоғары дәлдігіне және
Ra 0,32 мкм не одан артық болатын беттің кедір-бұдырлығына қол
жеткізіледі. Алайда бұл процесс өнімсіз.
Жануыштауды бір немесе көпайналдырғылы жануышты
білдекте орындайды. Жануыштаумен 15...200 мм диаметрлі
тесіктерді өңдейді және Н6 квалитет бойынша жоғары дәлдікке
және Ra 0,08...0,04 мкм құрайтын беттің кедір-бұдырлығына қол
жеткізіледі. Жануыштау өнідіруші әрлеу операциясы болып
табылады және жазу мен ажарлаудан кейін қолданылады.
Тесіктердің болат корпустық бөлшектерде дөңгелету арқылы Ra 0,08.0,04 мкм құрайтын беттің кедір-бұдырлығына қол жеткізіледі,
бұл ретте беткі қабаттың қаттылығы 20...25% ұлғаяды. Бұл тәсілдің
өнімділігі жануыштау өнімділігімен салыстырғанда 5 есе артық.