Оқулық екі бөлімді 2 бөлім «Машина жасау технологиясы» мамандығы бойынша



Pdf көрінісі
бет155/316
Дата19.12.2022
өлшемі14,99 Mb.
#58083
түріОқулық
1   ...   151   152   153   154   155   156   157   158   ...   316
209
 


 
20 – тартып өңдеу: ойық кiлтекті тарту (жабдықтар 10 
операциясындағы сияқты); 
 
25 – жону: тісті тәж және қапталдың бетін 1А720 моделінің 
көпкескішті жартылай автоматта қайрау; дайындаманы 
базалау – диаметрі 75Н7 саңылау пен қаптал бойынша; 
 
20 – тісжоңғылау: тістерді құралбілікті тісжоңғылайтын 
жартылай автоматта жоңғылау; дайындаманы базалау – 
саңылау және қаптал бойынша; 
 
25 – тісқырғыш: тістерді центрлік құралбілікте тісқырғыш 
білдекте ақырғы қыру. 
Тісті дөңгелектерді дайындауға арналған автоматтандырылған 
бөлікше құрамына термиялық өңдеуге арналған жабдықтар, 
бөлшектерді автоматтандырылған тасымалдау және қаттау жүйесі, 
сонымен қатар процесс барысын бақылау және басқару жүйесі 
кіреді.
2.32-суретте тісті дөңгелектерді орнату мен ағытуды қамтамасыз 
ететін манипулятор сызбасы көрсетілген. Ұстағыш құрылғы 1 
дайындаманы білдек патронына қармау мен орнатуды, ал ұстағыш 
құрал 2 – дайын бөлшектерді алуды және 3 оларды жинақтағышта 
орнатады. 
2.33-суретінде тісті дөңгелекті даналық дайындамадан өңдеу 
схемасы көрсетілген. Алдымен центрлеу орындалады (1 құрал), 
кейін саңылауды бұрғылау (2 құрал) және базалық саңылауды 
жонып өңдеу (6 құрал) орындалады. Н7 квалитеті бойынша саңылау 
алу үшін саңылаулы ұңғылауды орындайды (7 құрал). Контур 
бойынша өңдеуді өтпелі кескішпен, ал ойықты бунақ кескішпен 
кеседі.
Конустық дөңгелектердің тістерін кесу. Конустық тісті дөңгелектер 
айналма қозғалысты қиылысатын осі бар біліктер арасында беруге 
арналған, оларды тік, қиғаш және қисық сызықты тістермен 
орындайды. МемСТ 1758-81 конус тәрізді берілістерге 12 дәлдік 
дәрежесі белгіленген. 
2.32-сурет. СББ бар бунағыш-
револьверлі 
білдекте 
дана 
дайындамаларды 
автоматтық орнату мен 
ағытуға 
арналған 
манипулятор


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   151   152   153   154   155   156   157   158   ...   316




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет