Оқулық екі бөлімді 2 бөлім «Машина жасау технологиясы» мамандығы бойынша


Тісті дөңгелектерді өңдеудің негізгі кезеңдері



Pdf көрінісі
бет151/316
Дата19.12.2022
өлшемі14,99 Mb.
#58083
түріОқулық
1   ...   147   148   149   150   151   152   153   154   ...   316
Тісті дөңгелектерді өңдеудің негізгі кезеңдері. Тісті дөңгелектерді 
дайындау бірнеше кезеңмен орындалады: 
 
Бірінші кезең – тістердің кесуге дейін тісті дөңгелектің 
сыртқы және ішкі беттерін өңдеу; 
 
Екінші кезең – тістерді өңдеу; 
 
Үшінші кезең – тісті дөңгелектерді қыздырып өңдеу; 
 
Төртінші кезең – тістерді және басқа беттерді соңғы өңдеу. 
Бірінше кезеңде сыртқы және 
дөңбек төселген 
беттерді соңғы рет 
өңдейді. Центрлік саңылауды 7-ші квалитет бойынша өңдейді, 
өйткені ол тістерді кесу үшін база болып табылады.
Қыздырып өңдеу болмаған жағдайда, тістерді тіс кесетін 
білдектерде жүргізіп төселту әдісімен немесе фрезерлік білдектерде 
көшіру әдісімен өңдейді. Бұл ретте қырнау әдіпін қалдыру керек. 
Қыздырып өңдеу ЖЖТ (жоғарғы жиiлiктi тоқ) тісті тәжді 
шыңдаумен орындалады. Егер қыздырып өңдеу кезінде тістер 
202
 


деформацияланатын болса, өңдеудің төртінші кезеңі қажет етіледі.
Тістерді кесуге дейінші тісті дөңгелектерді өңдеудің үлгілік 
технологиялық процестері. Берілген процестер тісті дөңгелектің 
үлгісі, оның дәлдік дәрежесі және өндірістің сериялығымен 
анықталады. 
Тісті 
дөңгелектердің дайындамаларын 
жону-
револьверлі, көлденең және тік көпайналдырғылы жонғыш, 
көпкескішті, гидрокөшірме және жонғыш-бұрма жасайтын 
білдектерде, 
СББ 
бар 
білдектерде, 
автоматтық 
желілер, 
бұрғылайтын, көлденең және тік-созылыңқы білдектерде өңдейді.
Тісті дөңгелектерді әзірлеудің бірінші кезеңін орындаудың үлгілік 
технологиялық процесінің бірнеше нұсқасын қарастырайық.
Бірінші нұсқа – I типті тісті дөңгелекті өңдеу (2.25, а-сурет): 
диаметрі 80 мм дейінгі бір бекітпелі дөңгелек; центрлік саңылау – 
оймакілтек сыртқы диаметр бойынша центрлеумен; өндіріс – ірі 
сериялы; дайындама – қалыптау. 
Типтік технологиялық процесс келесі операциялардан құралады: 
 
05 – бұрғылайтын: үшжұдырықшалы қысқыда 2А125 
үлгісінің тікбұрғылау білдегінде саңылауларды бұрғылау; 
базалау – сыртқы тәж және үлкен қаптал бойынша; 
 
10 – созылыңқы: оймакілтек саңылауды 7Б55 үлгісіндегі 
көлденең-тарта өңдеу білдегінде тарту; 
 
15 – жону: оймакілтекті құралбіліктегі 1Н713 үлгісінің 
жонғыш гидрокөшірме білдегінде қапталдар мен сыртқы 
бетті қайрау; дайындаманы базалау – саңылау бойынша. 
Екінші нұсқа – диаметрі 100...250 мм III үлгісіндегі тісті 
дөңгелек дайындамасын өңдеу (2.27-сурет); өндіріс – орта сериялы; 
тістер ЖЖТ шыңдауына ұшыратады; дайындама – қалыптау. 
Үлгілік технологиялық процесс келесі операцияларды құрайды:
 
05 – жону: центрлік саңылауды 7-ші квалитетке сәйкес 
келетін 
дәлдікпен 
өңдеу, 
және 
бір 
қапталды 
үшжұдырықшалы өзідігінен центрленетін патронда 1А340 
үлігісіндегі жону-револьверлі білдекте өңдеу; дайындаманы 
базалау – сыртқы бет пен қаптал бойынша; 
 
10 – жону: қарама-қарсы қапталды құралбілікте 1А340 
үлгісіндегі жону-револьверлі білдекте өңдеу; базалау – 
центрлік саңылау және өңделген қаптал бойынша;


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   147   148   149   150   151   152   153   154   ...   316




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет