Оқулық екі бөлімді 2 бөлім «Машина жасау технологиясы» мамандығы бойынша



Pdf көрінісі
бет79/316
Дата19.12.2022
өлшемі14,99 Mb.
#58083
түріОқулық
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   316
104
 


i = n
ф
/n
3
= z

z
ф1
 
онда n
ф
n
3
- жонғыш пен тісті дөңгелектің айналым жиілігі; z
ф1
, z
3

бұралым жонғышының кіріс саны мен кесілетін тісті дөңгелек 
тістерінің саны.
Кесу барысында бұралым жонғышы айналады да, кесілетін тісті 
дөңгелектің айналымына сәйкес тура қозғалады (1.68-сур.). 
Бұралым жоңғышының осін 1, жонғыштың бөлу цилиндріндегі 
жонғыштың жібін көтеру бұрышына тең кесілетін дөңгелек 
сыртындағы шетінің жазықтығына 2 бұрыштап орнатады. Бұрылым 
жонғышы айналымнан басқа кесілетін дөңгелектің бүйірлік 
цилиндрлі бетін құраушы бойымен тура қозғалысы болады. Бұл 
ретте кесу үрдісі үздіксіз жүреді, және оған бір мезетте бірнеше 
кесетін тіс қатысады, соның арқасында тістерді кесу тәсілі ең 
өнімділердің бірі болып табылады.
Бір жұмыс жүрісі ішінде тістерді кесу барысында бұралым 
жонғышын тістердің толық биіктігіне (яғни кесу тереңдігіне) 
орнатады, екі жұмыс жүрісінде 8 мм артық модульмен тістерді кесу 
барысында - бірінші жұмыс жүрісінде тістің 0,6 биіктігіне, ал 
екінші жұмыс жүрісінде 0,4 орнатады. Таза жұмыс жүрісі үшін 
тістің бастапқы шеңбері бойынша (8...15 мм модуль мөлшері үшін) 
тістің жуандығына 0,5-тен 1 мм дейін әдіп қалтырылады. Қалыпты 
бұралым жонғышымен қалыпты да, сондай-ақ корригирленген 
бейіндермен де тістерді кеседі. Соңғы жағдайда, жонғышты орнату 
барысында корригирлеудің талап етілетін шарттарына сәйкес 
жонғыш, дайындамаға жақындау немесе одан алыстау үшін, 
қосымша орнынан қозғалу керек.
Тіс жону білдектерінде тістерді ілеспе (1.69 а сур.) немесе 
қарама-қарсы (1.69 б сур.) кесуге болады, бұл ретте ілеспе жону 
қарама-қарсыдан тиімдірек, өйткені ол жоңқа құылу үшін 
жағымдырақ жағдайды, кесудің аз ауытқу күшін, кесу барысында 
азырақ дірілді қамтамасыз етеді, ол аспаптың төзімділігін мен 
өңделген жердің сапасын арттырады. 
__________________________________________________________ 
1.68-сурет. Тістерді бұралым фрезамен 
кесу схемасы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   316




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет