Осындай тәсілді жеке
және шағын сериялы өндірісе, жөндеу
жұмыстары барысында бөлгіш тасшалары бар көлденең-жонғыш
білдектерде қолданады. Осы тәсілдің кемшіліктері:
■
тісті
өңдеудің
нақтылық деңгейінің төмендігі, себебі
дискілі модульдік жонғыштарды тістер бейіндеріне жақын
етіп жасайды, және жонғыштың әрбір тип-мөлшері кесілетін
дөңгелектердің тістері белгілі бір интервалда бірнеше аралас
санға есептелген
;
■
өнімділігінің төмендігі
және өңдеудің өз құнының
жоғары болуы (үлкен машиналық және қосымша уақыт).
Төмен өнімділік әрбір кезекті тісті жонғышқа кіргізуге
кететін өңдеу үрдісінің үздіксіздігіне, дайындаманы
индекстеуге (тіске бұру),
дайындаманы жонғышқа әкелу,
сондай-ақ бір уақытта жұмыс істейтін жонғыш тастарының
салыстырмалы түрде санының аз болуы.
Әдетте әр модуль үшін тістердің барлық сандары мен кесілетін
дөңгелектердің диаметрін қамтитын дискілі жонғыштар жинағын
дайындайды. Стандарт бойынша
рұқсат шегіне сиятын біраз
кемшілігі бар 8; 15 және 26 дискілі үш жонғыш бар, тістерінің саны
әртүрлі тісті дөңгелектерді кесуге болады. Дөңгелек модулі
қаншалықты көп болса, нақтылық еместік соншалықты күштірек
болады. Сондықтан нақтырақ жұмыстар үшін 15
дискілі
жонғыштарды, ал ең нақтыларға - 26 дискілі жонғыштарды
қолданады.
Сонымен, кесудің осы тәсілі барысында кесілетін дөңгелекте
тістердің тек жақын бейіні ғана алынады.
Ірі модельді тісті дөңгелектерді (20 мм артық),
әсіресе шевронды
дөңгелектерді көшіру тәсілімен кесу үшін, модульдік саусақты
жонғыштарды қолданады, өйткені дискілі жонғыштар қарама-қарсы
иіліс тістерін кеседі. Тісті төрткілдештерде тістерді сондай-ақ
дискілі
модульді жонғыштармен, ал ұзын төрткілдештерде -
төрткілдештерді бойлап қозғалтуға арналған механизмі бар арнайы
мақсаттағы білдектерде кеседі. Бір немесе екі (және тіпті үш) қатар
орналасқан жонғыштармен жонады.
Достарыңызбен бөлісу: