Оқулық екі бөлімді 2 бөлім «Машина жасау технологиясы» мамандығы бойынша



Pdf көрінісі
бет88/316
Дата19.12.2022
өлшемі14,99 Mb.
#58083
түріОқулық
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   316
118
 


Аралас әдіс барысында бұрамдық жонғыштарды да, бейінді 
кескіштерді де қолданады, және соңғыларды қолдану әсіресе 
бұрамдық дөңгелекті соңғы өңдеу үшін қолданады, ең жоғары 
нақтылықты қамтамасыз етеді.
Тісті 
дөңгелектерді 
өңдеудің 
әрлеу 
түрлері. 
Тісті 
дөңгелектерді өңдеудің әрлеу түрлерін жоңқаны ала отырып 
өңдеуге: тіс қыру, жылтылдату, жаншуыштау, үйкеу түрі және 
жоңқаны алмастан өңдеуге - таптауға бөледі. Жоңқаны ала отырып 
жүргізілетін әрлеу жұмыстарына сондай-ақ тісті тісті жұмырлауды, 
жүзі мен қылауларды алуды жатқызады.
Тістерді қыруды шынықпаған дөңгелектер үшін қолданады, 
тістерді қыру дегеніміз, арнайы аспап арқылы оны тісті дөңгелек 
бойынша жүргізе отырып, тіс бетінен шамасы 0,1...0,25 мм әдіпті 
алу болып табылады. Аспап ретінде дискілі тісқырғышты - 
тістерінің бетінде жиек құрайтын жіңішке кесіктері бар тісті 
дөңгелек немесе қарапайым тісқырғыш - балама тістері бар 
төрткілдешті қолданады.
Түзу тісті дөңгелектерді өңдеуге арналған тісқырғышта көтеру 
бұрышы 15° дейінгі бұрандалы тістері, ал қисық тістілер үшін - түзу 
тістері бар. 1.79-суретте тістердің бүйір жақ шеттерінде кескіш 
жиектері бар дискілі тісқырғыш көрсетілген.
Тыс қырудың екі тәсілінің ішінде ең көп тарағаны дискілі 
тісқырғыш арқылы тістерді қыру болып табылады. Тіс қыру арнайы 
білдекте (1.80-сур.) орындалады. Өңделетін тісті дөңгелектің 5 
осінің бұрышына орнатылған қысқырғыш 4 жиілігі 250 мин
-1 
мәжбүрлі айналдырылады, сол арқылы жіберілімінің 6 ортасына бос 
орнатылған тісті дөңгелекті айналдырады. Осьтердің қиылысуы 
тісқырғыш тістері мен тісті дөңгелектің бойлық салыстырмалы 
сырғанауына әкеліп соғады. 
______________________________________ 
1.79-сурет. Дискілі тісқырғыш


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   316




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет