1.85-сурет.
Оймакілтек қосылыстары (
а) және оймакілтек
қосылыстарын орталықтандыру (
б, в)
__________________________________________________________
Біліктің оймакілтек дөңістері бұрыштарының сыртқы диаметрі
бойынша орталықтандыру барысында (1.25,
б сур.), ал оймакілтек
ойықтары бұрыштарында ішкі диаметр бойынша орталықтандыру
барысында тесіктерді жүздер мен жұмырлағыштар жасайды. Ішкі
диаметр бойынша орталықтандыру барысында, сондай-ақ біліктің
бүйір жақ тістері мен тесіктің байланысын қамтамасыз ету керек
болғанда, оймакілтек білігі ойықтарының бұрыштарында барынша
үлкен тесіктерді жырашықтар жасайды (1.85,
в сур.
).
Түзу тісті оймакілтек біліктерін тістер диаметрі мен санының әр
мәні үшін арнайы бейінді жонғыштармен өңдейді.
Эвольвентті оймакілтек қосылыстарын маңызды айналым
мезеттерін беру үшін, сондай-ақ түйіскен элементтердің
нақтылығына жоғары талап қойылатын жағдайларда пайдаланады.
Тістерді біртіндеп тістің басынан негізіне қарай жуандату
салдарынан, сондай-ақ негіз жанындағы шоғырлануды азайту
салдарынан осы қосылыстар өте жоғары төзімді болады. Бұдан
басқа, оймакілтектерді өңдеу кезінде кескіш жиектері түзу сызықты
бұрамдық жонғыштарды қолдану арқасында бет бұжырлығының
жоғары кластары мен кейіннен жылтылдатуды қажет еткізбейтін
оймакілтектерді
өңдеу
нақтылығы
қамтамасыз
етіледі.
Оймакілтектердің эвольвентті бейіні барысында тісті кесу кезінде
қолданылатын өңдеудің әрлеу түрлері: қыру, жүргізу (таптау)
әдісімен жылтылдату және т.б.
Эвольвентті қосылыстарды орталықтандыруды сыртқы диаметр
бойынша, оймакілтектердің бүйір жағымен және қосалқы
цилиндрлі бетпен (артқы ілмекпен) орындайды. Оймакілтектердің
бүйір жағымен орталықтандыруды ең көп қолданады.
Достарыңызбен бөлісу: