Оқулық екі бөлімді 2 бөлім «Машина жасау технологиясы» мамандығы бойынша


Тік бұрышты оймакілтек қосылыстарды



Pdf көрінісі
бет93/316
Дата19.12.2022
өлшемі14,99 Mb.
#58083
түріОқулық
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   316
Тік бұрышты оймакілтек қосылыстарды (дайындау және 
пайдалану 
үшін) 
оймакілтек 
білігі 
мен 
төлкесін 
орталықтандырудың 
(базалаудың) 
үш 
тәсілін 
қолданады: 
оймакілтектердің бүйір жақтары бойынша; оймакілтектердің 
сыртқы диаметрі бойынша; оймакілтектердің ішкі диаметрі 
бойынша.
Оймакілтектердің бүйір жақтары бойынша орталықтандыруды, 
төлкені орталықтандыру нақтылығы онша маңызды болмаған және 
сонымен қатар пайдалануда қосылыстың жеткілікті төзімділігін 
қамтамасыз ету керек болған кезде, сыртқы диаметрі 20...90 мм 
қосылыстар үшін қолданады.
Негізгі назар берілістердің кинематикалық нақтылығына назар 
аударылатын механизмдерде, мысалы, металл кесетін білдек
автомобильдер, тракторлар механизмдерінде оймакілтектердің 
сыртқы диаметрі D немесе ішкі диаметрі d бойынша 
орталықтандыруды қолданады (1.85, а сур.).
Орталықтандыру ретінде сыртқы немесе ішкі диаметрді таңдау 
оймакілтек ойықтары беттерінің қаттылығымен және қосылыс 
мөлшерлерімен 
анықталады. 
Егер 
оймакілтек 
ойықтарын 
термиялық өңдемесе немесе олардың беттерінің қаттылығы 
термиялық өңдеуден кейін тартумен калибрлеуге жол беретін болса, 
сыртқы диаметрі бойынша орталықтандыруды қолданады. Егер 
тесік беттерінің қаттылығы калибрлеуге жол бермейтін болса, онда 
ішкі диаметрі бойынша орталықтандыруды қолданады. Ішкі 
диаметрі бойынша орталықтандыруды сондай-ақ термиялық 
өңдеуге ұшыраған ұзын біліктер үшін де қолданады, өйткені бұл 
жағдайда бір уақытта оймакілтек тістерінің бүйір жағын 
(дөңестерін) және біліктің ішкі диаметрін жылтылдатады. 
__________________________________________________________ 
а 
б 
в
 
1.84-сурет. Тік бұрышты тік бүйірлі (а), эвольвентті (б) және 
үшбұрышты (в) оймакілтек түрлі оймакілтек 
қосылыстары 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   316




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет