Оқулық «Федералдық білім беруді дамыту институты»



Pdf көрінісі
бет15/139
Дата06.01.2022
өлшемі4,15 Mb.
#14334
түріОқулық
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   139
Байланысты:
Мезенцев Автоматтандырылған ақпараттық жүйелер. Оқулық

АВТОМАТТАНДЫРЫЛҒАН 
АҚПАРАТТЫҚ 
ЖҮЙЕЛЕРДІ ЖОБАЛАУ ӘДІСТЕРІ    
2.1. 
Ақпараттық  жүйенің  жалпылама  моделі  және  жобалау 
әдістері 
Ақпараттық  жүйенің  жалпылама  моделі  деректерді  өңдеу 
технологиясын  жəне  ақпараттық  үдеріс  ұғымын    ескере  отырып 
құрылуы мүмкін.   
Деректерді  ӛңдеу  технологиясы  тұрғысынан  ақпараттық  жүйенің 
жалпылама  схемасы  (2.1  сур.)  мынадай  құрастырушыларды  бөліп 
шығаруды көздейді: 

ақпарат көзі;

ақпаратты алушылар;
2.1. 
сурет. 
Ақпараттық 
жүйенің 
моделі 


31 

есептеуіш кешен (ЭЕМ);

деректер қоры;

деректерді берудің ақпараттық ортасы.
Ақпарат  көздері  жəне  ақпараттық  алушылар  өз  кезегінде
жергілікті  жəне  қашықтағыларға  бөлінеді.    Жергілікті  жəне 
қашықтағы  ақпарат  көздерінің  жəне  ақпаратты  алушылардың  болуы 
жаһандық  жəне  жергілікті  ЭЕМ  желісі  түрінде  іске  асырылатын 
деректерді  беруге  арналған  коммуникациялық  орта  жүйесінің 
қатысуын талап етеді.   
Деректерді  өңдеу  технологиясы  талап  етілетін  нəтижелерді  алу 
үшін  белгілі  бір  бағдарламалық  жəне  аппараттық  құралдарды 
пайдалануды талап етеді. 
Ақпараттық  үдеріс  деректерді  өзгерту  жөніндегі  операциялар 
тобы  болып  табылады.    Деректерді  жалпы  өзгерткен  кезде  мынадай 
үдерістердің болуы қажет: 

ақпаратты қалыптастыру жəне дайындау;

ақпаратты беру;

деректерді мағыналы өңдеу (жаңа деректерді белгілеу үшін);

ақпаратты сақтау.
Осы  үдерістерді  орындау  үшін  жүйенің  нысаналы  мақсаты  жəне
есептеуіш, энергетикалық жəне адами ресурстары болуы тиіс. 
Қазіргі  ақпараттық  жүйелерді  əзірлеу  мынадай  парадигмалар 
негізінде  жүргізіледі:  мəндік  саланы  объектілік-бағдарланған  талдау; 
бағдарламалық  қамсыздандыруды  əзірлеудің  объектілік-бағдарланған 
технологиясы;  бағдарламалық  өнімдерді  əзірлеудің  визуалды 
технологиясы. 
Объектілік технология мəндік салада абстрактылы құрылымдарды 
—  сыныптарды  белгілеуді  көздейді,  олардың  құрамында  əзірлеуші 
атрибуттер  мен  оларды  өңдеуге  арналған  операцияларды  біріктіреді.  
Осындай 
технология 
негізінде 
құрылатын 
бағдарламалық 
қамсыздандыру осы сыныптардан даналарды алу жолымен құрылады.  
Бір  сыныптан  алынған  даналар  динақтамаға  біріктірілуі  мүмкін. 
Дананы алу операцияны іске асыру болып табылатын атрибуттер мен 
əдістердің  нақты  мағыналар  жинағы  бар  мəндік  саладан  нақты 
объектіні  құруға  мүмкіндік  береді.    Объектілер  арасындағы  өзара  іс-
қимыл тиісті əдістерді шақырту арқылы іске асырылады. Нақты əдісті 
шақырту 
белгілі 
бір 
оқиғаның 
туындауына 
байластырған.  
Нəтижесінде  əзрілеуші  объектілер  арасындағы  нақты  байланыстар 
жəне олардың өзара іс-қимыл ерекшелігі көрсетілген мəндік саланың 
моделін алады.    


32 
 
Объектілік-бағдарланған  тəсілдеме  сыныптар  арасындағы  белгілі 
бір өзара іс-қимыл механизмдерін пайдалануды жəне оларды құруды 
көздейді.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
2.2. сурет.Мұралану 
 
Осындай базалық механизмдерге: мұралануды, инкапсуляцияны жəне 
полиморфизмді жатқызу қажет.  
Мұралану  —  бұл  бір  сыныптың  екінші  сыныпқа  өз  атрибуттері 
мен  операцияларын  беру  қабілеті.  Операциялар  мен  атрибуттерді 
қабылдайтын объект, төменгі сынып деп, ал объекткөзі – суперсынып 
деп аталады. Нəтижесінде иерархиялық құрылым пайда болады    (2.2 
сур.). 
Мұралану  бұрын  əзірленген  деректерді  өңдеу  алгоритмдерін 
пайдаланып, төменгі сыныптарға жаңа атрибуттер мен операцияларды 
қоса отырып, жүйені жаңғыртуға мүмкіндік береді. 
Иерархия  басында  «Ортақ  арғы  ата  »  -  абстрактілік  объект 
қойылады.  Егер  объектілер  иерархиясында  суперсынып  болып 
табылмайтын объектілер бар болса, олар парақты деп аталады.   
Инкапсуляция  сыныптарда  атрибуттер  мен  операцияларды 
жинақтау үдерісі болып табылады. 
Полиморфизм  —  бұл  объектілердің  бір  аттас,  бірақ  əр  түрлі 
əрекеттерді  орындайтын  əдістерді  қамту  қасиеті.  Бұдан  əрі 
полиморфтық əдістерді шақырту үлгісі келтірілген:   
 А.сыныбы  F операциясы  ();  
 Б.сыныб ы  F опер ацияс ы  ();  
Визуалды  əзірлеу    технологиясы    ақпараттық  жүйе  үшін 
 
        — суперсыныпқа сілтеу; — сыныптың атрибуты;          — 
сыныптың операциясы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   139




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет