27
автоматтандырылған, мысалы кестелерді құру, олардың құрылымын
өзгерту;
в) деректердің
қағаз
тасымалдағышындағы
есептілік
нысандарын құру үшін сервис ұсынылады.
Кемішілік ретінде ақпараттық жүйенің жұмысы үшін тапсырыс
берушінің ЭЕМ-ға құрылған жүйені ғана емес, тиісті бағдарламалық
қамсыздандыруды да орнату қажеттілігін атап өту қажет. Айта
кететіні, деректер қорының стандартты форматына бағдарланған
жүйе екі əдіспен іске асырылуы тиіс:
1)
ДҚБЖ қолданбалы ортасын
пайдалану жолымен;
2)
Oперациондық жүйе басқаруында жұмыс істейтін автономдық
қосымша ретінде пайдалану есебінен, бұл ретте деректермен жұмыс
ДҚБЖ ядросы арқылы іске асырылады.
Тиісінше бірінші жағдайда қосымша ДҚБЖ, ал екінші жағдайда
– ДҚБЖ ядросы құратын деректерге қолжетімдік компоненттерін
орнатуқажет. Екі жағдайда да деректерге бағдарламалық қол
жеткізудің белгілі бір ақпараттық технологияларын таңдау қажет.
Мысал ретінде MS ACCESSДҚБЖ келтіреміз. Осы ДҚБЖ үшін
ақпараттық жүйелерді əзірлеу MDB деректердің стандартты
форматын пайдалану жолымен жүргізіледі.
Егер деректер қоры файлының стандартты форматына
бағдарланған жүйе құрылатын болса, ондаəзірлеу үшін мынадай
құралдар мен технологиялар тартылады:
•
ДҚБЖ пайдаланушысының
қолданбалы ортасы;
•
VisualBаsiс forAррliсаtiоn (VBA) қолданбалы бағдарламалық
қамсыздандыруды əзірлеудің ішіне салынған қосалқы жүйесі;
•
Dаtа AссеssObjесts (DAO) немесеAсtivеXDаtа Objесts (ADO)
қолжетімділік технологиясы.
Автономды жүйені құрған кезде MiсrоsоftVisualBаsiс либо
MiсrоsоftVisuаlC визуалды бағдарламалау ортасы пайдаланылады.
Ары қарай DAOнемесеADOдеректерге қол жеткізу технологиялар
арасында таңдау жасалады.
Деректер қорын файлдық жүйе деңгейінде құру деректер қоры
дискілік файл түрінде сақталатынын көздейді, оған операциялық
жүйе құралдары арқылы қол жеткізуге болады. Бұл ретте осы
технологияның мынадай ерекшеліктерін ескеру қажет: деректерді
сақтау,
редакциялау
жəне
жазбалар
бойынша
навигация
алгоритмдерін əзірлеу талап етіледі; деректер қорының құрылымы
оған қызмет көрететін бағдарламаға «байлаулы». Бұл ерекшеліктерді
кемшіліктер ретінде қарастыруға болады, бірақ осындай жүйе оның
əлеуетті пайдаланушылары арасында еркін таралуы мүмкін, өйткені
бағдарламалық өнімнің компиляциясынан кейін тұтынушының
ЭЕМ-де тек тиісті операциялық жүйені орнату ғана талап етіледі
28
жəне ешқандай қосымша бағдарламалық қамсыздандыру талап
етілмейді.
Дискілік файлдарды пайдаланатын жүйелерде деректерді
сақтаудың базалық технологиясы ретінде деректерге тікелей қол
жеткізу технологиясын таңдайды. Бұл ретте файлдардағы деректер
оларды жазба ретінде қарастыруға болатын ұзындығы тиянақталған
байттар блоктары болып табылады (1.8 сур.).
Құжаттық ақпараттық жүйелерді құрған кезде ASCII немесе ANSI
кодтарының реттілігі болып есептелетін, арнайы басқарушы кодтар
арқылы жолдарға ұйымдастырылған мəтіндік файлдар пайда болуы
мүмкін.
1.8. сурет. Екілік файлдың
құрылымы. Деректер блогына
өту
үшін
сілтегіш
пайдаланылады
1.9. сурет. Мəтіндік файлдың
жалпы құрылымы:
Х — символдардың коды; LF
— жолды қалдырып кетудің
басқарушы коды; CR —
жолдың
басына
көшудің
басқарушы коды; EOF —
файлдың соңын тіркеу үшін
басқарушы
код
Мəтіндік файлдар, сондай-ақ, есептік нысандарды сақтау
сақтау үшін де қолданылады (1.9 сур.).
Ақпараттық жүйенің параметрлік синтезі жұмыс үшін маңызды
көрсеткіштер жиынтығын таңдау жолымен жүргізіледі. Синтездің
міндеті көбінесе осы көрсеткіштердің мағыналарын мынадай
формула бойынша барынша азайтуда тұрады
P{
}
min, онда
р
п
— нақты көрсеткіш.
Кейбір жағдайларда осындай көрсеткіш ретінде максималды
немесе минималды мағынасына ие болуы тиіс бір көрсеткішті
таңдайды. Мысалы, пайдаланушылар тарапынан деректерге қол
жеткізу уақытының ең аз мөлшері.
Достарыңызбен бөлісу: