Оқулық «Федералдық білім беруді дамыту институты»


Ақпараттық жүйені  үлгілі  жобалау



Pdf көрінісі
бет19/139
Дата06.01.2022
өлшемі4,15 Mb.
#14334
түріОқулық
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   139
Ақпараттық жүйені  үлгілі  жобалау.  Ақпараттық  жүйені жобалауға 
үлгілік  тəсілдеме  оны  дайын  элементтерден  құруды  көздейді.  Үлгілі 
жобалау  əдістерін  пайдалану  үшін  басты  талап  жобаланатын  жүйені 
көптеген қосалқы жүйелерге бөлу мүмкіндігі болып табылады.   
Бөліп  шығарылған  қосалқы  жүйелерді  іске  асыру  үшін  түптұлғалар 
жəне  үлгілі  жобалық  шешімдер  пайдаланылады,  олар  нақты  ұйымның 
ерекшеліктерін ескере отырып, өзгертіледі.   
Үлгілік  жобалық  шешімдер  белгілі  бір  сыныптарға  бөлінеді      (2.1 
кесте). 
Үлгілік  жобалау  параметрлік  жəне  модельді-бағдарланған  жобалау 
түрінде орындалуы мүмкін.   
Параметрлік–бағдарланған  жобалау  жағдайында  жобалау  үдерісі 
мыналарды  қамтиды:        бағдарламалық  құралдардың  қойылған 
міндеттерді шешу үшін жарамдылығын бағалау критерийлерін айқындау; 
таңдалған  критерийлер  бойынша  қолжетімді  бағдарламалық  құралдарды 
талдау жəне бағалау. 
Модельді-бағдарланған  жобалау  үлгілі  жүйенің  тапсырыс  берушінің 
қажеттіліктеріне  ұйымның  ақпараттық  моделіне  сəйкес  бейімделуде 
тұрады. 
Ұйымның ақпараттық моделі екі жолмен құрылуы мүмкін: 
1)  ұйымның  маңызды  ерекшеліктерін  ескере  отырып,  негізгі  немесе 
үлгілі модельдегі қосалқы жүйені таңдау; 
 
2.1 кесте 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   139




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет