Оқулық «Федералдық білім беруді дамыту институты»



Pdf көрінісі
бет29/139
Дата06.01.2022
өлшемі4,15 Mb.
#14334
түріОқулық
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   139
Байланысты:
Мезенцев Автоматтандырылған ақпараттық жүйелер. Оқулық

Талаптарды басқару. Жүйелерге қойылатын талаптардың түрлі 
анықтамалары бар
• 
талап  —  бұл  жүй  оларға  сəйкес  келуі  тиіс  шарттар  немесе 
мүмкіндіктер; 
• 
талап  —  бұл  пайдаланушыға  проблеманы  шешу  немесе 
мақсаттарға жету үшін қажетті шарттар немесе мүмкіндіктер; 
• 
талап  —  келісімшартты  орындау  үшін  немесе  стандарттарды, 
ерекшеліктері  немесе  өзге  формалдық  құжаттарды  қанағаттандыру 
үшін  жүйе  немесе  жүйелік  копоненттер  оларға  ие  болуы  тиіс 
шарттар немесе  мүмкіндіктер. 
Ақпараттық  жүйені  əзірлеген  кезде  талап  ретінде  тапсырыс 
берушінің қажеттіліктерін қарастыруға болады. Бұдан басқа, жобаға 
қойылатын  талаптар  белгіленеді.    Олар  əзірлеуші  жүйені  құру 
үдерісін қайлай жүзеге асыратынын белгілейді.   
Жүйені  əзірлеген  кезде  туындайтын  талаптарды  үш  негізгі 
деңгейлер бойынша түзуге болады: 
1) 
бизнес-талаптар — жүйедегі шектеулер жинағы; 
2) 
пайдаланушылардың  талаптары  —  жүйе  жұмысының 
эргономикалық сапасы; 
3) 
функционалдық  талаптар  —  пайдаланушылар    жүйеде 
операцияларды орындаған кездегі əрекеттер жинағы. 
Талаптардың  белгілі  бір  деңгейлері  анықталады.    Жалпы  түрде 
талаптар  жүйелілік  болып  табылады.    Осындай  талаптар  олардың 
құрамына басқа қосалқы жүйелер кіретін жүйелерге қойылады. Бұл 
ретте  жүйе  ретінде  бағдарламалық,  бағдарламалық-аппараттық, 
немесе адам-машиналық жүйе түсініледі.   
Rаtiоnаl  ипИМ  Prосеss  (RUP)  халықаралық  ерекшелігінде 
талаптарды сыныптаған кезде бес деңгейлі жүйе пайдаланылады: 
1) 
функционалдық талаптар; 
2) 
қолданушылық талаптары; 


51 
 
3) 
сенімділік талаптары; 
4) 
өнімділік талаптары; 
5) 
пайдалануға жарамдылық талаптары. 
Қосымша төрт деңгей белгіленеді: 
1) 
жобаның шектеулері; 
2) 
орындау талаптары; 
3) 
 интерфейске қойылатын талаптар; 
4) 
физикалық талаптар. 
Ақпараттық  жүйеге  қойылатын  негізгі  талаптар  санына: 
толықтығы,  анықтығы,  дұрыстығы,  келісімділігі,  тексерімдлігі, 
қажеттілігі,  пайдалану  кезіндегі  пайдалылығы,  жүзеге  асушылығы, 
түрлендірімділігі,  трассалануы,  маңыздылығы  жəне  тұрақтылығы 
бойынша реттелгендігі  кіреді. 
Ақпараттық  жүйеге  қойылатын  талаптарды  талдау  олардың  
негізгі 
құрастыраушыларын 
белгілеуге 
мүмкіндік 
береді:  
талаптарды  алып  шығу,  шағын  мағынадағы  талаптарды  талдау, 
айрықшалындырылған талаптар, талаптарды тексеру. 
RUPстандарты  талдау  үдерісі  көздейтін  мынадай  мақсаттарды 
ұсынады: 
а)  тапсырыс  берушілермен  жəне  пайдаланушылармен  жүйенің 
не істеуі тиіс екендігі туралы бір түсінікке жету; 
6) 
əзірлеушілерге  жүйеге  қойылатын  талаптардың  ең  жақсы 
түсінігін беру; 
в)  жүйенің шектерін белгілеу; 
г)  пайдаланушының жəне жүйенің интерфейсін белгілеу. 
Талаптармен мынадай субъектілер жұмыс істеуге тиіс: 
• 
талаптарды талдау жөніндегі маман  — міндетті қою, жобаның 
шеңберлерін белгілеу; 
• 
тапсырыс  берушінің  өкілі  —  міндетті  қою,  жобаның 
шеңберлерін  белгілеу,  орындаушының  жұмысын  бақылау,  Жұмыс 
нəтижелерін қабылдау; 
• 
жүйенің  архитекторы—    архитектураны  əзірлеу,  қосалқы 
жүйелерді жобалау; 
• 
бағдарламашы — бағдарламалық  кодты əзірлеу; 
• 
тестілеуші —  тест-жоспарды, тестілік сценарийлерді жасау; 
• 
жобаның  менеджері  —  жұмыстардың  орындауды  жоспарлау 
жəне бақылау. 
Субъектілерді  рөлдік  кластерлер  моделі  арқылы  белгілеуге 
болады.  Әдетте рөлдік кластерлердің алты түрін белгілейді: 
1) 
«Өнімді басқару»; 
2) 
«Бағдарламаны басқару»; 
3) 
«Әзірлеу»; 
4) 
«Тестілеу»; 
5) 
«Тұтынушыны қанағаттандыру»; 


52 
 
б)  «Шығаруды басқару». 
Бұл  кластерлер  түрлі  құзырет  салалары  жəне  олармен 
байланысты мақсаттар мен міндеттер үшін жауапты.   
Жүйеге  қойылатын  талаптарды  модельдеген  кезде  екі  талдау 
түрін  белгілейді:      талаптарды  жəне  мəндік  саланы.      Талаптарды 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   139




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет