56
орындаушыға дейін жəне орындаушыдан тапсырыс берушіге дейін
сəйкестендіргеннен кейін орындалады. Трассалау үдерісінде
əзірлеу үдерісіне ілесетін элементтерді – құжаттар, бағдарламалық
кодтың модульдері, ерекшеліктер жəне т.б. түріндегі объектілерді
дұрыс іске асыруын есепке алу ұсынылады.
RUP əдіснамасы жоба бойынша жұмыстарды жоспарлаудың екі
деңгейлі схемасын ұсынады. Бұл ретте жобаның жоспары жəне
итерация жоспары жасалады.
Жобаның жоспары сатыларға
бөлінеді: бастау, нақтылау, құрылымдау, келесі кезеңге өту.
Жобаның күрделілігі дəрежесіне жəне жүйе əзірлеушілерінің
біліктілігіне байланысты əр сатыда жекелеген кезеңдер —
ите-
рациялар белгіленеді.
Талаптардың қозғалысы тұрғысынан оларды төрт сыныпқа
бөлуге болады. Оларды былай шартты белгілейміз: тапсырыс
беруші
— талап; талап — жүйе; жүйе — талап; талап — тапсырыс беруші.
Талаптарды орындау үдерісін бақылау үшін талаптар матрицасы
деп аталатын арнайы кестені пайдалану ұсынылады (2.10 кесте).
Достарыңызбен бөлісу: