68
2.7-сурет. Деректер қорының
кестесін жобалау
мəзірлердің
пəрмендерін пайдаланады.
Деректер қорының негізгі объектісі — деректер сақталатын
кестелер.
Сілтемелік тұтастығын қамтамасыз ету үшін кестелер бір бірімен
байланыстырлыған болуы тиіс.
Кестелерді құру үшін арнайы шебер пайдаланылады. 2.7-суретінде
кестелерді құру шеберімен жұмыс үлгісі көрсетілген.
Кестені жобалаған кезде əзірлеуші төрт негізгі өлшемді беруге тиіс:
1)
Column Name
— кесте атрибутының (бағананың) атауы;
2)
DataТуре
— кесте
атрибутының типі;
3)
Length
— деректердің жолдық типі үшін ұзындығы;
4)
AllowNulls
— осы атрибут үшін кестеде нөлдік мағыналарға рұқсат
етілген бе.
Кестені құрылымын белгілегеннен кейін
аспап көмегімен
негізгі атрибутты белгілеу қажет. таңдалған атрибуттың жанында тиісті
пиктограмма пайда болады.
Кестелер арасында байланыстарды орнатқаннан кейін реляциялық
деректер қорын құру үдерісі аяқталады. Байланыстарды орнату үшін тиісті
шебердің көмегімен Digrams — диаграмма объектісін құру қажет.
2.8-суретте диаграммаларды құрушы терезесінің үзіндісі көрсетілген.
MS SQL Sеrvеr диаграммаларында мынадай шартты беліглер
пайдаланылады:
— негізгі өріс, «бір» тарапы ;
— сыртқы кілт, «көп» тарапы.
2.8-сурет. Диаграммаларды құрушының терезесінің үзіндісі
69
Деректер қорын əзірлеуші Drag &Drop технологиясын пайдаланып,
кестелер арасындағы байланыстарды құрады ( 2.8 сур.). Ол үшін негізгі
өрісті «бір» тарапынан «көп» тарапындағы сыртқы кілт болып табылатын
тиісті өріске «түсіру» қажет. Бұл ретте қосылу орындалатын өрістер түрі
бірдей болуы, ал атауларының айырмашылығы болуын ескеру қажет.
Байланыстарды құру кестедегі деректердің қайшылықсыздығын
қамтамасыз етеді. Әзірлеуші құрылған байланыстың қасиеттерін
(Properties) өзгертіп сілтемелік тұтастық талабын күшейтуі мүмкін.
Қосымша қасиеттерін ретінде MS SQL Sеrvеr: «көп» тарапындағы
байланыстырылған жазбаларды каскадтық
жаңартуды; «көп» тарапындағы
жазбаларды жоюды ұсынады.
Құрушыдағы диаграммалардың ұсынылымын басқару үшін 2.17-
кестеде келтірілген құралдарды пайдалануға болады.
Достарыңызбен бөлісу: