80
2.11-сурет. Microsoft ADO Data Control компонентімен нысан
Жол шебер көмегімен құрылады. LockType қасиетін пайдаланып,
кестелердің жазбаларына қолжетімділікті басқаруға болады.
Деректерді көрсету элементін визуалды компонентпен байланыстыру
қажет. Егер нақты өрістің – жазба атрибутының мағынасын көрсету қажет
болса, онда TехtBох визуалды компонентін жəне оның қасиеттерін
пайдаланады:
•
DataSource
—
Miсrоsоft
ADO Dаtа Cоntrоl
элементінің
сəйкестендіргішін сақтайды;
•
DataField
—
кесте өрісінің атын сақтайды.
2.11 суретте кəсіпорынның қызметкерлері туралы ақпарат сақталатын
кестемен жұмыс істеу нысаны көрсетілген. Нысан ADO Dаtа Cоntrоl
визуалды компоненті негізінде құрылған.
Егер ақпаратты кесте түрінде көрсету қажет болса, байланыстырылған
визуалды компонент ретінде Miсrоsоft Dаtа Griеd Cоntrоl пайдаланады,
Miсrоsоft ADO Dаtа Cоntrоl элементімен байланыстыру үшін DаtаSоurсе
торкестенің қасиеттерін пайдаланады. 2.12-суретте деректерді кесте
түрінде көрсету нысанының үлгісі келтірілген
2.12-сурет.Деректер кесте түрінде
көрсетілген нысан