75
Бағдарламаны орындау үдерісін бақылау үшін «тоқта» (Toggle
Brеаkроint) нүктесін белгілейді жəне операторды орындаған сəтте алынған
айнымалы шамалардың мағыналарын қарап шығады. Ары қарай
«тоқта» нүктесінен кейінгі операторларды қадамдық орындай отырып,
бағдарламалық кодтың жол тартуын орындауға болады.
VB бағдарламалау тілі деректер қорын бағдарламалау тілі болып
табылмайды, сондықтан осы тілде ақпараттық жүйелерді əзірлеу деректер
қорының ядросына белгілі бір қолжетімділік технологияларны
пайдаланумен жүргізіледі. Осы ядро Әзірлеушінің компьютеріне
бағдарламалау жүйесімеен бірге орнатылады.
VB көмегімен ақпараттық жүйелерді құру үшін мынадай деректерге
қол жеткізу технологиялары пайдаланылады: DAO (Dаtа Aссеss Objесts),
A
D
O (AсtivеX Dаtа Objесts).
DAOтехнологиясы объектілерінің жəне олардың əдістерінің жинағы
Miсrоsоft Jеt (MS Jеt) деректер қорына қолжетімділікті береді. Осындай
деректер қорларында деректерді сақтау үшін MDB форматы
қолданылады. DAO негізгі объектілеріне мыналар жатады:
Достарыңызбен бөлісу: