104
б) объектілер ағымы тарамдануы мүмкін. Бұл ретте, егер ағым
белгіленбесе, онда ол ағымның тарамдану алдындағы белгісінде көрсетілген
барлық объектілерді қамтиды;
в) тарамданғаннан кейін белгіленген ағым тарамдану алдындағы
белгісінде көрсетілген барлық объектілерді немесе олардың бөліктерін
қамтиды.
Функционалдық əдіснама бойынша құрылған жүйенің моделі де
иерархиялық қағидат бойынша құрылады. Жоғарғы деңгейде барлық жүйені
«қара жəшік» моделі түрінде көрсететін бастапқы функционалдық блок
орналасады. Модельде объектілердің бастапқы кіріс ағымдары, объектілердің
шығыс ағымдары, жүйенің өз функциясын іске асыру үшін қажетті
механизмдер мен басқарушы ағымдар көрсетіледі.
Диаграммаларды сəйкестендіру үшін шартты белгілердің белгілі бір
механизмі пайдаланылады. Бұл шартты белгілерді топтарға бөлуге болады:
Достарыңызбен бөлісу: