Оқулық «Федералдық білім беруді дамыту институты»



Pdf көрінісі
бет66/139
Дата06.01.2022
өлшемі4,15 Mb.
#14334
түріОқулық
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   139
Байланысты:
Мезенцев Автоматтандырылған ақпараттық жүйелер. Оқулық

2.6. 
Ақпараттық 
жүйелерді 
әзірлеген 
кездегі 
құрылымдық тәсілдеме 
 Құрылымдық-функционалдық  тәсілдеме.  Ақпараттық  жүйелерді 
құрылымдық  жəне  функционалдық  талдау  əдістемесі 
жүйеде 
функцияларды,  функциялар  арасындағы  байланыстарды,  жүйенің 
элементтерін, жүйеде айналатын деректерді белгілеуді көздейді  
Құрылымдық  тəсілдеме  іс  жүзінде  үш  əдіснама  көмегімен  іске 
асырылады: SADT(IDEF0), DFD жəне IDEF3. 
SADT(IDEFO)  әдіснамасы.  Бұл  əдіснаманы  Дуглас    Росс    əзірлеген 
жəне  ол          SоftTесh  компаниясында,  содан кейін  ICAM  жобасыы  шеңбе-
рінде пайдаланылды. Оның негізінде IDEF0  стандарты əзірленді. Бұдан əрі 
SADT  (Struсturеd  Anаlуsis  а^    Dеsign  Tесhniquе)    əдіснамасын  функцио-
налдық әдіснама деп атаймыз.  
Ақпараттық  жүйені  функционалдық  əдіснама  бойынша  талдау 
нəтижесінде  зерттелетін  жүйені  дəлме-дəл  бейнелеуге  тиіс  модель 
құрылады.  Жалпы  жағдайда жүйенің толық моделі мынадай қағидаға сай 
болуы  тиіс:    егер  А    Б-ға  қатысты  сұрақтарға  В    дəлідігмен  жауап  беру 
үшін пайдаланыла алса, онда А Б-нің толық моделі.   Құрылған модель екі 
қасиетке ие болуы тиіс: 
1)
модельдің бір субъектісі болуы тиіс;
2)
модельдің бір көзқарасы болуы тиіс.
Бірінші қасиет модель қоршаған ортадан бөлек шығарылған болуы тиіс
екенін болжайды. Модель жүйеге кіретін элементтерді дəл анықтауға тиіс.  
Екінші қасиет зерттеушінің орнын немесе оның жүйені əрекет еткенде 
көру үшін тұратын жайғасымын  сипаттайды.   
Функционалдық  əдіснама  бойынша  модельдеу  жүйеде  белгілі  бір 
əрекеттер  реттілігін  белгілеуді  көздейді.  Әр  əрекет  функция  болып 
табылады  жəне  төрт  кірісі  бар  тікбұрышпен  белгіленеді:  кіріс,  шығыс, 
басқару, механизм. 
Функцияның 
шартты 
белгісі   
2.42.суретте көрсетілген. 
Кіріс    —  осы  функциямен 
өзгертілуге  жататын  деректер  мен 
материалдар.   
Шығыс  —  осы  функцияның 
жұмыс нəтижесі. 
Басқару—  функцияны  орындау 
үдерісін  бақылау  үшін  қажетті 
деректер. 
2.42. сур.SADT-функция 


103 
Механизм — ол арқылы осы функция орындалатын нəрсе. Бұл жабдық, 
ЭЕМ арналған бағдарлама немесе  оператор — адам. 
 Функцияның аты — етістік. 
Бастапқыда барлық жүйе бір функционалдық блок түрінде көрсетіледі, 
кейіннен ол ретті бөлшектеп байланыстыруға тартылады.  
Бөлшектеп  байланыстыруды  орындаған  кезде  функционалдық 
блоктардың  иерархиялық  құрылымы    —  диаграмма  пайда  болады. 
иерархиялық құрылымды үштен алтыға дейін функционалдық блоктардың  
болуы  ұсынылады.        Диаграммада    функционалдық  блоктар    үстем 
жағдайға  ие.  Блоктар  маңыздылық  дəрежесі  бойынша  орналасады,  ең 
маңызды  блок  схема  бойынша  жоғарғы  сол  жақ  бұрышта  орналасады.  
Функциялардың  иерархиясын  көрсету  үшін  функцционалдық  блоктың 
төменгі оң жақ бұрышындағы блоктардың нөмірлері пайдаланылады.    
Жалпы  түрде  диаграммадағы  доғалар  жүйенің  жұмыс  үдерісіне 
қатысатын  объектілер  бейнеленеді.    Бұл  материалдар,  аспаптар,  қағаз 
тасымалдағыштағы 
құжаттар, 
 
 
электрондық 
ақпарат 
тасымалдағыштарындағы  құжаттар  мен  деректер    сияқты      материалдық 
заттар. Тиісті функционалдық блок объектілерді өзгертуді орындайды.   
Блоктар арасындағы   байланыстардың бес типі бар  (2.33 кесте). 
Функциялар  арасында  байланыстарды  орнатқан  кезде  мынадай 
ерекшеліктерді ескеру қажет: 
а)  байланыс  —  функцияның  өз  міндеттерін  орындау  үшін  қажетті 
объектілер ағымы; 
2.33 кесте 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   139




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет