Оқулық «Федералдық білім беруді дамыту институты»


Сараптамалық жүйелерді әзірлеу кезеңдері



Pdf көрінісі
бет107/139
Дата06.01.2022
өлшемі4,15 Mb.
#14334
түріОқулық
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   139
Байланысты:
Мезенцев Автоматтандырылған ақпараттық жүйелер. Оқулық

Сараптамалық жүйелерді әзірлеу кезеңдері 
Кезең  
Жұмыстардың құрамы 
Сəйкестендіру 
Жүйені,  оның  функцияларын    əзірлеу  мақсатын 
айқындау, əзірлеушілер ұжымын құру 
 
Тұжырымдамалау Мəндік  саланың  моделін  құру,  фактілерді,  фактілер 
арасындағы  өзара  байланыстарды    айқындау. 
Фактілерден қорытындылар алу қағидаларын белгілеу. 
Білімді ұсыну жəне нəтижелерін алу əдістерін талдау    
 
 
Нысандандыру 
Фактілерді,  өзара  байланыстарды  жəне  белгілі  бір 
формалды  тілде  қорытындыларды  алу  қағидаларын 
сипаттау. Жүйенің білім қорын жобалау   
 
Орындау 
Сараптамалық жүйенің жұмыстықтүптұлғасын құру 
Тестілеу 
Құрылған    жүйенің    бақыланатын    үлгілерді  іріктеу 
жəне орындау,  кемшіліктерін айқындау 
 
Тəжірибелі 
пайдалану 
Жүйені  тапсырыс  берушіге  беру.  Жүйенің  Тапсырыс 
берушінің қажеттіліктерін  шешу үшін жарамдылығын 
тексеру  
 
 
     Жұмыстар  реттілігі  жүйені  тəжірибелі  пайдаланумен  аяқталады.  Осы 
кезең  аяқталған  соң  жүйені  бұдан  əрі  пайдалану  жарамдылығы  туралы 
қорытынды  жасалады.   
Нəтижені  бағалаудың  өлшемшарттары  ретінде  
[12]:  жүйемен  табиғи  тілде  өзара  əрекеттесу  мүмкіндігі;  бейімделу 
мүмкіндігі  –  жүйенің  нақты  пайдаланушыға  бейімделуі;  жүйенің 
пайдаланушылар тарапынан  қателерге  төзімділігі қабылданады.   
Жұйені  жұмыстық  пайдалану  үдерісінде  оны  мынадай  түрлендіру 
жүргізіледі.  Сараптамалық  жүйелерді  түрлендірген  кезде  білім  қоры 
құрылымына  өзгерістер  енгізіледі.  Білім  қоры  жаңа  фактілермен, 
қағидалармен толықтырылады.   
Пайдаланушылардың  сурау салуларын өңдеуді қисынды процессор 
орындайды.  Шешімді іздестіру екі жолмен жүзеге асырылуы мүмкін: 
1) 
жүйенің  сұрау  салуы  бойынша  белгілі  бір  деректер  жинағы 
енгізіледі,  жүйе  енгізілген  жинақты  талдайды  жəне  пайдаланушыға 
қорытындыны береді; 
2) 
жүйенің  сұрау  салуы  бойынша  пайдаланушы  белгілі  бір 
пайымдауын енгізеді, жүйе фактілерді – осы пайымдауға сəйкес келетін 
деректерді    іздестіруді орындайды.  
Білім  қоры  жүйенің  негізгі  элементі  болып  табылады.    Оны  құру 
үшін 
түрлі 
тəсілдемелер 
пайдаланылуы 
мүмкін. 
 
Білімді 
нысандандырудың    жақсы  əдістерінің  бірі  ӛнімділік  моделі  болып 
табылады,  ол  мəндік  саладағы  фактілерді  жəне  олар  арасындағы 
байланыстарды  «ЕГЕР...,  ОНДА»  қағидасы  бойынша  белгілеуді 


141 
 
көздейді.         
 Қағидалар  фактілер  арасындағы  себеп-салдарлық  байланыстарды 
айқындауға мүмкіндік береді.    
Өнімділік  моделі  ПРОЛОГ  қисынды  бағдарламалау  тілінде  іске 
асырылған.   ПРОЛОГ тілінің негізгі ұғымдары фактілер мен қағидалар 
болып табылады.   
Факт  мəндік  саладағы  объектілер,  оқиғалар  арасындағы  қандай  да 
бір  байланысты  тіркейді.  Факт  предикат  түрінде  рəсімделеді.   
Баяндауыштың жалпы түрі  
БайланысАтауы(А1,А2) 
онда 
A1,A2 
— предикаттың дəлелдері. 
Предикат  нүктемен  аяқталуы  мүмкін.    Предикат    мына  схема 
бойынша оқылады: 
A1 БайланысАтауы A2 
  Факт үлгісі:  ИСТРА АҚ  10 бірл. тауарды жеткізуді орындады. 
ПРОЛОГ тілінде факт мына түрде жазылады 
Жеткізілді(«ИСТРААҚ»,10). 
Символдық деректер предикатта тырнақшаға алынады. 
Фактілер жиынтығы мəндік саладағы байланыстар моделін құрады. 
ДФактілермен  жұмыс  істеу  үшін  айнымалы  шамалар  механизмі 
пайдаланылады. Айнымалы  шамалар үлкен əріптен басталуы тиіс. Әр 
айнымалы шамаға предикат дəлелінің белгілі бір мағынасы беріледі.   
Мысалы, жеткізілімдердің сипаттамасы бар: 
Жеткізілді("ИСТРААҚ",10). 
Жеткізілді("ВОСТОКАҚ",20). 
Жеткізілді("ИВОЛГААҚ",100). 
Мəндік  саланы  сипаттауға  жүгіну  үшін  сұрау  салуды  құру  қажет. 
Сұрау салу  «?» символынан басталады жəне айнымалы шамалары бар 
предикат  болып  табылады.    Барлық  жеткізушілердің    тізімін  алу  үшін 
предикатты пайдалану талап етіледі: 
? Жеткізілді(Жеткізуші,_). 
«_»  символы  мынаны  білдіреді:  ақпаратты  іздестірген  кезде 
мағынаға назар салмау. 
«Жеткізуші»  айнымалы  шамасына  «Жеткізілді»  предикатының 
бірінші дəлелінен əртүрлі мағыналар берілетін болады.    
Сұрау салуды орындау нəтижесінде мынадай нəтиже алынады: 
Жеткізуші 
Жеткізуші 
Жеткізуші 
 ИСТРААҚ. 
 ВОСТОКАҚ. 
 ИВОЛГААҚ. 


142 
 
Сұрау  салуды  орындаған  кезде  ақпаратты  іріктеу  шартын  қоюға  жол 
беріледі.    Шарттарды  жасау  үшін  қатынас    операцияларының  шартты 
белгілері    пайдаланылады  <(кем),  >(артық),  <  =  (кем  немесе  тең),  >  = 
(артық немесе тең), <>(тең емес), = (тең). Байлам ретінде сұрау салуларда  
«,» 
(ЖӘНЕ 
байламы), 
«;» 
(НЕМЕСЕ 
байламы) 
символдары 
пайдаланылады. 
Мысалы: 
? Жеткізілді(Жеткізуші,Саны),Саны<100. 
Нəтижесінде бірінші  екі жеткізуші туралы ақпарат шығарылады.    
Мəндік сала туралы «білім» алу үшін тек фактілерді тіркеу жеткіліксіз 
болады, фактілерді ӛңдеу қағидаларын тіркеу талап етіледі.   
  ПРОЛОГ  тілінде  қағидалар  предикаттарды  «:-»  (ЕГЕР)  байламы 
арқылы біріктіру жолымен құрылады: 
Предикат1(<дәлелдер>):- Предикат2(<дәлелдер>). 
Қағида нүктемен аяқталады. Қисынды шығару процессоры   қағиданың 
оң  жағын    өңдуді  орындайды,  егер  өңдеу  «ШЫНДЫҚ»  нəтижесін  берсе, 
қағиданың ол жағын өңдеу орындалады. Сол жақ бөлігі басты, ал оң жағы 
– артқы деп аталады   
Мысалы,  бөлімдердің  түрлі  басшыларға  бағыныштылығы  туралы 
ақпарат бар   (3.2 кесте). 
  «Өткізу»  жəне  «Маркетинг»  бөлімдерін  бір  тұлға  басқарады.  Осы 
фактті тіркеу үшін предикаттар мен қағидаларды енгізу қажет:
 
Басқарады("Иванов И.С",  "қойма"). 
Басқарады ("Петров О.И", "өткізу"). 
Басқарады (Тұлға, "маркетинг"):- 
Басқарады (Тұлға, "Өткізу"). 
Сұрау салу орындалғаннан кейін: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   139




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет