4) жүйенің білім қоры;
5) алынған нəтижелерді түсіндіру қосалқы жүйесі.
Сараптамалық жүйелер екі негізгі типке сыныпталады:
Эвристикалық жəне жалпы тұжырымдамалық.
Эвристикалық жүйелер белгілі бір міндеттер түрін шешуге бағдарланған. Оларды құрған кезде жүйені əзірлеушілердің жеке
тəжірибесі, интуициясы, білімі пайдаланылады. Осындай жүйелер
үшін оларды əзірлеудің бірыңғай нысандандырылған тəсілдемесі жоқ.
Жалпы тұжырымдамалықжүйелер білімді нысандандырылған
түрде сақтауға жарамды түрге келтірудің белгілі бір базалық
қағидаттарына негізделген.
Сараптамалық жүйелерді əзірлеу үдерісі 3.1. кестесінде көрсетілген
кезеңдерді орындауды болжайды.