38
2) оның нəтижесінде құрылған модель түзетілетін келешек
жүйенің пайдаланушыларын сараптылық сауалнамалау.
Ақпараттық жүйені модельдеген кезде бизнес-қағидаларды,
бизнес-функцияларды,
бизнес-үдерістерді,
бизнесобъектілерді,
кəсіпорынның ұйымдық құрылымын талдауға мүмкіндік беретін
белгілі бір модельдер жинағын белгілейді.
Бұл ретте
бизнес-қағидалар жүйенің түрлі компоненттерін бірге
қолдану орындылығының шарттарын белгілейді жəне оның бүтіндігін
сақтау үшін пайдаланылады.
Бизнес-функциялар ұйымның функционалдық қызмет түрлерінің
иерархиялық тəуелділігі болып табылады.
Бизнес-үдерістер — жүйедегі бизнес-функцияларды қамтамасыз
ету үшін қажетті элементарлық қызмет.
Бизнес-объектілер түрлі бизнес-үдерістерді орындауды қолдайтын
қосымшаларды ықпалдастыру үшін пайдаланылады.
Кәсіпорынның
ұйымдық
құрылымы
бөлімшелер
мен
қызметшілердің иерархиялық бағыныс құрылымы болып табылады.
Үлгілі жобаны іске асыру мынадай əрекеттерді орындауды
көздейді:
•
жүйенің жаһандық өлшемдерін таңдау;
•
ұйымның құрылымын белгілеу;
•
негізгі деректер құрылымын белгілеу;
•
іске асырылатын функциялардың жəне оларды қамтамасыз
ететін үдерістердің тізімін белгілеу;
•
жүйенің интерфейстерін сипаттау;
•
есептілік насандарын сипаттау жəне əзірлеу;
•
деректерге қолжетімдік құқықтарын қамтамасыз ету үшін
жүйенің пайдаланушыларын сыныптау.
Достарыңызбен бөлісу: