Бірақ шартты оператор секілді айналым операторы оны әр түрлі
мақсатта қолдануға мүмкіндік беретін әртүрлі нұсқаларға ие.
for операторы жазбасының жалпы пішіні келесідей:
for [параметр] {%айнымалы|%%айнымалы} in (жиынтық) do
команда [опциялар]
Параметр %айнымалы немесе %%айнымалы жиынтықтан элементтерді іріктеп алатын параметрді қамтиды. Жазбаның бірінші
түрі егер айналым командалық жолақтан ұйымдастырылса
қолданылады, ал екіншісі — егер айналым сценарий бөлігі болса.
Жиынтық элементтерінің тізімі айналымда өңделетін элементтер
жинағын білдіреді. Бұл файлдар, жолақтар, мәндер диапазоны және т.б.
болуы мүмкін. Жиынтықтан шыққан элементтер айналымда тізбектей
сұрыпталады да опция ретінде командаға немесе бағдарламаларға
беріледі.
Жиынтық тізіміне кіретін элементтер түрлері, опциялы for
параметрмен анықталады. Параметрлер тізімі мен элемент түрлері
5.5-Кестесіне келтірілген.
Атқарым параметрлеріне командалық жолақ параметрлері үшін
қолданылатын модификаторларын қолдануға болады. Мысалы, келесі
мысалда ағымдағы каталогта орналасқан, dir командаcымен файлдар
тізімі шығарылатын форматта консолға .log кеңейтілуі бар файлдар
тізімі шығарылады:
for %%I in (*.log) echo %%~ftzaI
Командалардың тізбегін өзгерту үшін сөзсіз ауысу goto операторы
қолданылады:
goto белгі
5.4-кестесінің соңы Логикалық шарт
Сипаттама
if cmdextversion номер
if cmdextversion 2 echo The operation is supported
командалар кеңейтілуінің ағымдағы нұсқасын тексеру
үшін қолданылады. Егер команда кеңейтілуінің ішкі
номері берілген номерден үлкен немесе тең болса нақты
мәнді қайтарады. Бірінші нұсқаның ішкі номері 1
if defined айнымалы If defined Offset set /a MainAddr+=%Offset%
айшықтандырылған айнымалының бар болуын тексеру
қолданылады