Оқулық «Федералдық білім беруді дамыту институты»


        5.9.6.  PowerShell командалық қабаты



Pdf көрінісі
бет142/220
Дата25.02.2022
өлшемі2,22 Mb.
#26438
түріОқулық
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   220
Байланысты:
қазақша кітап

133 
 
 
 
5.9.6.  PowerShell командалық қабаты 
 
Windows  операциялық  жүйелерінің  командалық  жолақ  құралдары 
UNIX/Linux-  жүйелерінің  түрлі  қабаттарында  ұсынылатын  құралдарға 
қуаты  және  ыңғайлылығы  жағынан  артта  қалады.  Microsoft 
фирмасының  өңдеушілері  үнемі  командалық  интерпретатордың  бар 
функционалдығын  арттырып  отырады  және  жаңа  құралдар  қосады, 
бірақ  бұл  командалық  сценарий  құру  мәселесін  түбегейлі 
өзгертпейді—олардың  зерттемесі  әлі  күнге  дейін  айтарлықтай  ауыр 
және ыңғайсыз. 
Осыған  байланысты    Microsoft  фирмасы  командалық  жолақ 
интерфейсі  және  сценарийлерді  құруға  арналған  кіріктірілген  тілі  бар 
жаңа  қабат  шығару  туралы  шешім  қабылдады.  Бұл  қабат  PowerShell 
деген атауға ие болды. Бұл қабат Cmd.exe/Command.com, BASH, WSH, 
Perl  және  басқа  да  қабаттардың  қасиеттерін  дамытады.  Бұл  қабат 
платформамен  біріктірілген.  .NET  Framework  мына  операциялық 
жүйелерде пайдалануға болады: Windows XP SP3, Windows Server 2003 
SP2,  Windows  Vista  SP1,  Windows  Server  2008,  Windows  7  және 
Windows 8.
 
PowerShell  COM  және  WMI  толық  қолжетімділікті  ұсынады,  ол 
әкімшілерге  жергілікті  және  алыс  жүйелерді  басқаруға  мүмкіндік 
береді.
 
PowerShell ішіндегі әр команда командлет деп аталады, ол берілген 
операцияны  орындайтын  арнайы  классын  .NET  қамтиды.  Бірнеше 
командлеттерді  бір  сценарийге  немесе тәуелсіз  орындалатын бинарлы 
бағдарламаға біріктіруге болады.
 
Windows  PowerShell  сырттан  келген  қосымшаларға  PowerShell 
командлеттерін  қолдануға  мүмкіндік  беретін  арнайы  механизм 
ұсынады.  Мысалы,  Microsoft  Exchange  Server  2007  осы    механизмді 
PowerShell  ортасында  әкімшілерге  басқарудың  өз  механизмін  ұсыну 
үшін  қолданады.  Оған  қоса,  жүйе  әкімшісінде  деректер  базасының 
күйімен командлеттер интерфейсі арқылы басқару мүмкіндігі туады. 
 
PowerShell төрт түрлі команданы орындай алады:
 
1) командлет 
.NET 
жабын 
ядросымен 
жүктелетін 
және 
орындалатын арнайы кітапхана түрінде беріледі
 
2)  PowerShell сценарийлері (.ps1 кеңейтілуі бар);
 
3)  PowerShell атқарымдары;
 
4)  бинарлық бағдарламалар.
 


 
134 
 
PowerShell  команданың  мысалы  ретінде  келесі  мысалдарды 
қарастыруға болады.
 
Барлық  алдын-ала  анықталған  командлеттерді  қарау  үшін  Get-
Command  командасын  енгізу  жеткілікті.    PowerShell  бойынша 
анықтама алу үшін Get-Help командасын енгізу қажет.
 
Р  таңбасынан  басталатын  барлық  процестерді  аяқтау  үшін  келесі 
команданы енгізу жеткілікті: 
 
PS> Get-Process p* | Stop-Process
 
Қандай  процес  аяқталғанын  тексеру  үшін  немесе  процес 
тоқтағанша  сценарийдің  орындалуын  тоқтату  үшін  келесі  команданы 
енгізеді:
 
PS> $processToWatch = Get-Process Notepad 
PS> $processToWatch.WaitForExit()
 
Синонимдер  механизмін  пайдаланып,  бұл  сценарийді  әлдеқайда 
қысқартып жазуға болады:
 
PS> (ps notepad).WaitForExit()
 
Get-Process  командлетінде  ps  синонимі  бар.  Осы  синонимді 
пайдаланып,  сценарийді  қысқартуға  болады.  Көптеген  синонимдер 
толықтай осы жабындағы командалармен ұқсас болғандықтан, оларды 
BASH сценарийіне ұқсас етуге болады. Барлық синонимдер тізімін алу 
үшін  Get-Alias командлетін орындау жеткілікті.
 
.NET  Framework  негізінде  PowerShell  құрылғандықтан  және  оның 
көптеген  қасиеттерін  иеленетіндіктен,  .NET  тәсілдерін  және 
класстарын  қолдану  мүмкіндігі  пайда  болады.  Мысалы,  сценарийде 
қандай да бір саннан түбір табу қажет болса, ол үшін Sqrt() статикалық 
тәсілін шақыруға болады:
 
PS> [System.Math]::Sqrt(16) 4
 
Жалпы  айтқанда  бұл  жабын  әкімшілердің  мүмкіндіктерін 
айтарлықтай  кеңейтеді,  .NET  барлық  қуатын  пайдаланып,  анағұрлым 
оңай  сценарийлерді  жазу  мүмкіндігін  береді  және  графикалық 
жабынды қолданбай-ақ жүйенің барлық қызметтеріне қолжетімділікке 
ие болады, әдетте жасалатын әрекеттер үшін өте ыңғайлы.  
 
 
 
 
 


 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   220




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет