Оқулық «Федералдық білім беруді дамыту институты»



Pdf көрінісі
бет76/220
Дата25.02.2022
өлшемі2,22 Mb.
#26438
түріОқулық
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   220
70
 
 
 
процестердің  біреуін  негізгі  жадыдан  шығарып  тастауға  арналған 
арнайы  бөлімге  орналастырады.  Процес  басталған  кезде  бұл  бөлімде 
қажет  кеңістік  резервтеліп  тұрды,  ол  процесті  негізгі  жадыдан 
қосымша  жадыға  ауыстыруға  қажет  болатын  орынның  бар  екеніне 
кепілдік болды. 
 
1970-ж.  соңында  VAX-11  класс  машиналары  шыққаннан  кейін,  
UNIX  операциялық  жүйелері  өтінім  бойынша  жады  парақшасын 
жүктеу негізінде жадыны басқару тәсілін енгізуді бастады. Салдарында 
бұл  тәсіл  процестерді  толық  шығарып  тастауға  негізделген  тәсілді 
толықтай  ығыстырды.  Кейбір  орындалуларда  жадының  сегменттік 
құрылымына  негізделген  тәсіл  қолданылады,  бірақ  UNIX  жүйелерінің 
негізгі орындалуларында бұл тәсіл сіңісіп кетпеді және одан әрі барлық 
орындалулар жадыны басқарудың парақтық тәсілін қолданды.
 
Жадыны  басқарудың  парақтық  тәсілі  Linux  тегінің  операциялық 
жүйелерінде де қолданылады. 32-биттік нұсқаларында жадының тек  4 
Гбайт  қолжетімді.  Осы  4  Гбайттан  стандартты  жүктеу  кезінде  3 
пайдаланушы  жадысы  ретінде  жұмсалады,  1  Гбайт  жүйелік  жадыға 
арналады.  Операциялық  жүйелердің  64-биттік  нұсқасын  пайдалану 
кезінде,  бұл  шектеулер  қолдаушы  жадына  512  Гбайт  дейін  және  одан 
да  көп  көбейеді,  ал  қалған  адрестік  кеңістік  жүйелік  жадыға  бөлінеді 
(сурет-3.2). 
 
Linux  операциялық  жүйелерінде    UNIX    тобының  операциялық 
нұсқаларының  көптеген  нұсқаларындағыдай  қосымша  жады  ретінде 
арнайы дисктік бөлім пайдаланылады.  
Негізгі  жадыдан  қосымша  жадыға  қандай  парақ  көшірілетінін 
анықтау  үшін  Linux  жүйесінде  LRU  алгоритмі  қолданылады,  яғни 
басқа  парақтармен  салыстырғанда  ұзақ  уақыт  бойы  пайдаланылмаған 
парақ ауысады. Оның үстіне көшірілетін параққа ол орындалып жатқан 
файлдың немесе деректері бар файлдың бөлігі екені белгілі болса және 
ол  модификацияланбаса  мұндай  парақты  қосымша  жадыға  көшірмей-
ақ  мүлдем  өшіруге  болады.  Егер  нәтижесінде  бұл  парақ  қажет  болса 
сәйкес  файлдан  тікелей  оқылады.  Егер  параққа  деректер 
модификацияланса,  онда  қандай  да  бір  процеске  немесе  операциялық 
жүйеге  қажет  болғанша  парақ  күштеліп  қосымша  параққа 
ауыстырылады.  
Windows 
операциялық 
жүйелерінде 
виртуалды 
жадты 
пайдаланатын  жүйелер  классына  жатады.  Барлық  процестер  виртуал 
жадымен  жұмыс  жасайды,  тек  жүйе  ядросы  физикалық  жадының 
тікелей  адресациясын  пайдаланады.  Жады  менеджері  процес 
пайдаланатын  виртуалды  адрестерді  физикалыққа  бейнелеу  үшін 
парақтар кестесін қолдайды. 
 
 


 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
С
урет-3.2.  Linux  жүйелерінде  жадыны  бөлу  32-  (сол  жақта)  және  64-бит 
(оң жақ)   
 
Windows  операциялық  жүйесінің  32-биттік  нұсқасы  басқаратын  
орындалатын  процес  көлемі  4  Гбайт  виртуал  жады  кеңістігіне 
қолжетімділікке  ие  болады.  жүйеге  орнатылған  оперативті  жадының 
көлеміне қарамастан бұл шектеулік әрқашан сақталады. Виртуал жады 
екі бөлікке бөлінеді: пайдаланушыға арналған және жүйелік жады. 
Пайдаланушының  жады  виртуалдық  жадтың  бөлігі,  оны 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   220




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет